ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
Altyn sandyg
1. Ақ көңіліңмен Алла дегеніңді Тәңірі біледі.
2. Не көрсең де – Тәңірі ісі.
3. Ғайбат айтып әркімдерді тілдеу – надандық.
4. Арың сақта, болсаң да малға кедей.
5. Жан жылуын өшірме.
6. Мұратқа жолын тапқан жетеді.
7. Уа дариға арманмен өтер өмір.
8. Білінбесін мінезіңнің кілтіңі.
9. Жамандық ойлама. Қиын да болса түзу жолмен жүр.
10. Бос үмітке алдаңба.
11. Ғашықтық жол – ауыр жол.
12. Өзім болдым демегейсің.
13. Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл.
Ұстазына қызмет қылмаған – надан.
14. Ойдағың оңай орындала бермейді.
15. Өтірікшінің орны – тозақ.
16. Жалған сөйлеген имансыз қалады.
17. Ғашықпын деп көп ішінде кеуде қақпа.
18. Шын ғашықтық – ұлы іс.
19. Құр қалғанды Алла да құп көрмейді.
20. Нақақ жалаға қол қойған қазы, имандар өздері шығарған үкімдердің астында қалады.
21. Арам жеген әкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді.
22. Таңдап тәтті жегендер де, атлас-қамқа кигендер де, алтын таққа мінгендер де бір күн жермен-жексен болады.
23. Көңілі көзсіз кәззаптардан сақтасын.
24. Бар ықылымнан таппадым таза жанды.
25. Білімнен бейхабарлар Алланы да білмейді.
26. Дінсіз жанда иман жоқ.
27. Бұл заманның бос кеуде шайқылары,
Жиырма беске жетпей-ақ сарқылады.
28. Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып,
мәнсіз біреулерді жер-көкке сыйғызбай мақтайды.
29. Жарым ақыл жарлылар өзгелерді иландыру үшін әулиелердің терме-нақылдарын теріс пайдаланады.
30. Сайқалдығы сайтаннан да асатын жүзіқаралар кездеседі.
31. Мұндарлардың маңына жоламағайсың.
32. Алланы таныған – өзін де табады.
33. Құдайдан қорыққан ынсапшыл келеді.
34. Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл – пайғамбарымыздың өнегесі.
35. Жеім, пақыр, ғарыпты жебей жүргейсің: бұл – пайғамбарымыздың өнегесі.
36. Тарихты білмегендер адалдық жолымен жүре алмайды.
37. Бәле келсе – сабыр ет: бәрі Тәңірінің ісі.
38. Мал-мүлік жидым деп мәз болма – жан кеткенде кетеді.
39. Ата-анаң, бауырлар қайда кетті – ойланшы,
Төрт аяқты ағаш та саған бір күн жетеді.
40. Кісі ақысын жеме.