» » Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес

Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес


Тәкаппарлықтың биік шыңы – өзіңді өзгеден биік санау. Өзгеге жоғарыдан, көкіректі керіп сөйлеу. Адамды менсінбеу, адам құрлы көрмеу, кекетіп, мұқатып, кемшілігін бетіне басып, сөзбен жанды жерін шымшып отыру, қысқасы, өзіңді зор, өзгені қор көретін іс-әрекеттің бәрі тәкаппарлық болып саналады. Тәкаппарлық қуыс кеудеден пайда болады. Тәкаппарлық –жаман қасиет! Адам дүниеге келгенде тәкаппар болып тумайды. Адам туғанда таза, пәк күйінде болады. Тәкаппарлық – адам баласына жолдан жабысатын мінез. Бір-екі белесті бағындырған кезде, бір жұмысы өрге домалаған кезде, жолы ашылып, арманына, алға қойған жоспар, мақсатына жеткен кезде кей кісіде тәкаппарлық мінез пайда болады.
Бәріне өзім жеттім, өз қолымды өз аузыма өзім жеткіздім деп көкірегін ұра бастайды. Негізінде олай емес екенін, Алланың берген бағы, сыйы, несібесі екенін ұмыт қалдырады. Пенде болған соң адам өзгеріп отырады. Бір көңіл күйге, бір эмоцияға, бір жағымды сәттерге байланысты адамның өзгеруі заңдылық. Десек те, тәкаппар болып өзгеруден аулақ болған жөн. Өйткені, тәкаппар болғаның – Алланы ұмытқаның! Менменсіген жүректен иман кетеді.
 Қарапайымдылықтың үлгісі ретінде біз әрдайым Пайғамбарымызды өнеге тұтамыз, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қарапайымдылығы сонша құмда балалармен ойнайтындай қарапайым еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исламды жаю жолында қаншама қиындық мен азап шекті, Мекке алынған кезде өзіне озбырлық жасағанның барлығын кешіре білді. Басқа мемлекеттердің басшылары құс жастықта, мамық төсекте, алтын-күміс ыдыстармен ас ішіп жүргенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жұпыны өмір сүрді, қамыс төсекте жатты, үй ішінде кей күндері ауызға іліп алатын нәр де болмайтын. Пайғамбарымызды көрген сахабалар да солай тіршілік қылды. Мына өткінші дүниенің қызығына қарағанда ақыретті көбірек ойлады.
Тәкаппарлықақыры жақсылыққа апармайтынжүректегі дерт.Алла тағала баршамызды осы тәкаппарлықтан сақтасын!
Мүсілім БӘЙДІБЕК
02 тамыз 2018 ж. 7 995 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031