» » » Дәурен Абаев: Цифрлы радиохабар тарату мәселесін қарастыруға дайынбыз

Дәурен Абаев: Цифрлы радиохабар тарату мәселесін қарастыруға дайынбыз

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан цифрлы радиохабар тарату жұмысын қашан бастайтыны жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз радионы дамыту керек екендігін білеміз. Қазір бәрін не мазалайды? Бүгінгі таңда цифрлық радио пайда болды. Біз алдағы уақытта цифрлық радиохабар тарату мәселесін қарастыруға дайынбыз. Демек, ол енгізілсе, автокөліктерде радиохабар қызметі болмайды. Барлығын да өзгертуге тура келеді. Мәселен, Үндістанда бұл процес басталып кетті. Ресей енді ғана қарастырып жатыр. Әлбетте, бұл қадам радионың сапасын арттыруға серпін береді. Радиостанциялардың да сапасын арттыруға жол ашылады. Бұл бізді мазалап отырған ұзақ мерзімді мәселе», - деді Дәурен Абаев Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форум сессиясында.
Министрдің айтуынша, осы жылдың аяғына дейін Қазақ және Шалқар радиолары еліміздің оңтүстік өңірлеріне таратылатынын, ал бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы Солтүстік Қазақстанда жалғасатынын тілге тиек етті.
«Қазан айында цифрлы телерадиохабар тарату бойынша пилоттық жоба басталып кетті. Бұл тәжірибе жеткілікті деңгейде сәтті деп айта аламыз. Шынын айтқанда, бұл жұмысты біз тоқсаныншы немесе екі мыңыншы жылдардың басында бастауымыз керек еді. Себебі, тегін кабельді телевидение тарату мәселесіне маңыз берілді. Біз халыққа жоғары сапалы тегін телевидениені жеткізе білуіміз керек. Бұрын екі немесе үш арна ғана көрсететін ауылдарда қазір көрсетілетін арналардың саны 15-ке дейін жетті. Облыс орталықтарында 30 арнаға дейін көрсетіліп тұр. Адамдар кабельге қосылмай-ақ цифрлық форматқа ауыса алады. Қазір талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Менің ойымша, Қазақстан үш жылдың ішінде толығымен цифрлы телевидениеге ауысады», - деді Дәурен Абаев.

29 қараша 2018 ж. 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031