ЖОЛДАУ ЖАҢА БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ
«Болашақ» колледжінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті.
Шараға ғалымдар мен колледждің «Жұмыспен қамту − 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алып жатқан бітіруші түлектері қатысты.
«Болашақ» университетініңректоры, т.ғ.д Өмірбек Үмбетов алғы сөз сөйлеп, жыл сайынғы жолдаулардың маңыздылығына тоқталды. Ал «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Насимов Елбасы жолдауында айтылған өзекті міндеттерді жастарға толығымен түсіндіріп өтті. Жиналыс барысында «Сыр медиа» ЖШС-нің «Ақпараттық талдау орталығының» директоры, с.ғ.к. Сәулет Сахиев жолдауда көрсетілген Қазақстанның 30 жетекші елдердің қатарына кіруге бағытталған негізгі басымдықтарға тоқталды. «Қалалық жастар ресурстық орталығы» ММ-нің директоры Жанболат Досмаханов аса маңызды басым бағыттарды жүзеге асырудағы жастардың алатын орнын атап өтті. Міндеттелген жоспарларды жүзеге асыру барысында жастарды аянбай еңбек етуге, ол үшін үздіксіз білім алуға, тіл үйренуге шақырды. Жиналған қауым өздерін толғандырған сұрақтарына толық ақпарат ала алды.
Аида СМАИЛОВА, «Болашақ» колледжі директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары