» » » Сүйер ұлың болса, сен сүй

Сүйер ұлың болса, сен сүй

Осыдан 8-9 жыл бұрын Елбасы шетелде ғылымның шашпауын көтеріп жүрген қазақ ғалымдарын елге қайтару туралы үндеу тастаған еді. 2009 жылы сол кездегі Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 125 ғалымның тізімін бекітіп, елге қайтса «жақсы жалақы, тиісті баспанамен қамтамасыз етуге» уәде берген. Сол шақыртумен қазақ жеріне қайта оралған  ғалымдар бар. Алайда кеткендердің де қатары азаймай тұр.
Мәселен, Мәскеудегі Физикалық-химиялық медицина ғылыми-зерттеу институтының медициналық нанотехнология зерт­ханасының жетекшісі Қуат Момынәлиев, Жапониядағы хирург-онколог Айсұлу Жүсіпова, АҚШ-тағы Гарвард университетінің профессоры Архат Әбжанов, Франциядағы Густав Рози атындағы  иституттың профессоры Мұрат Сапарбаев, АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетінің ғылыми қызметкері Қуат Есенов, Калифорниядағы Oracle компаниясында инженер әрі менеджер Нұржас Мәкішев, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы генетикалық институттың ғы­лыми қызметкері  Әсем Сапар­ханова сынды 200-ден аса қазақ ғалымдары әлі де шетелде.
АҚШ-ты мойындатқан сондай ғалымның бірі – Кен (Қанат) Әлібек. 2000-2006 жылдар аралығындаBBC-дың шешімі бойынша ең ұлы тарихи тұлғалар тізіміне енген. Әлемдегі биологиялық соғыс пен терроризм қаупін азайтқаны үшінАҚШ Конгресінің«Әлем жетістігіне ауқымды үлесі үшін» медалімен мараппаталған. Америкадағы Джордж Мейсон Университетінің(George Mason University) профессоры, АҚШ Биологиялық Қауіпсіздігі Ұлттық Орталығының басқарушысы. 1992 жылы Америкаға көшіп, сол елдің азаматтығын алған. АҚШ-та биоқорғаныс кеңесшісі, зерттеуші және кәсіпкер болып қызмет атқарған. Америкада алған атақ пен абыройын, жасаған қызметін  тізе берсек, кете береді... 
Сол Кен-Қанат ағамыз арнайы шақыртумен 2010 жылдары Қазақстанға қайта оралады. Атақты микробиолог ғалымның елге келуі қазақ ғылымына серпін береді деп қуандық. Алдымен, Назарбаев университетінде қызмет атқарып, кейіннен «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқармасына басшылығына тағайындалды. Ғылыммен айналысты. Медицина саласында жетекші тұлғаға айналды. Алайда қуаныш көпке созылмады. Араға жеті жыл салып, төрағалықты тастап, өткен жылдың соңында Кен Әлібек Америкаға біржола көшіп кетті. Себеп Қазақстанда жұмыс істеу, ғылыммен айналысу мүмкін емес. Тексерістен тексеріс көрінеді. «Аудит бір апта емес, ай, тіпті, бірнеше айларға созылады. Сені ұнатпай қалғандардың тапсырмасы бойынша, әйтеуір, бірдеме табу үшін түртпектей береді, түртпектей береді. Бірдеме шығып қала ма дейді ғой...» деп жазады парақшасында.  «Мұнда (АҚШ-та-ред.) жыл сайын ешкім есеп өкізбейді. Ешкім жақсы көрсеткіш көрсетуге тырыспайды. Нашар көрсеткіштің өзі нәтиже саналады. Ғылым саласында тексеру көп болса, әкімшілер мен бақылау органдары, жақсы нәтиже талап ететіндер көп болса, нағыз ғылым ешқашан жанданбайды, керісінше өшіп қалады» дейді өзінің жазбасында. 
Осылайша, қолды бір сілтеп, мұхиттың арғы бетіне қайта оралғанағамыз өкпесін білдірген. Әрине, ағамыздың АҚШ-та беделді бір компанияда ғалыммен айналысып жатқаны даусыз. Ғылымды «құлай сүйген» мұндай жандарға қай елдің болмасын, есігі ашық. Ал отыз елдің қатарына енуге талпынған Қазақстан ше? Адамның қарым-қабілетін, өлшеусіз еңбегін бағалау біздің де қоғамның басты қағидасына айналу керек емес пе?! Мұндайда «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйсінерге жарар ол» демей ме Абай да.
Құралай РАХЫМБАЙ
 
18 қаңтар 2018 ж. 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031