» » » Отбасын жоспарлау

Отбасын жоспарлау

 
Қазiр кез-келген емханада “Отбасын жоспарлау”атты бөлме бар.  Бастапқыда үлкен кісілер мұны көргенде «Басқа-басқа Құдайдың беріп тұрған баласын жоспармен туамын дегені несі?!» деп бас шайқайтын. Айналасы аз жылда бұл тіркеске құлақ та, көз де үйренді.    
       Отбасын жоспарлау бізге батыстан келген бастаманың бірі. Осы бір құпия, қалтарысы көп идеяға тереңдей қарасаңыз, 1974 жылдың желтоқсанында АҚШ-тың қауіпсіздік кеңесінде «отбасын жоспарлау» деп аталатын бағдарлама қабылданғанын көресіз. Америка мұны  КСРО  елдеріне енгізуге құпия тапсырма берген. Себебі АҚШ үшін өзімен бой таластырған Кеңес елінде бала туудың тым көбейіп кеткен бара жатқаны үлкен қауіп еді. Оның қатарында Орталық Азия мемлекеттері, әрине Қазақстан да бар. Ал біз оның залал-зардабын сараламастан қабылдай салдық.
     Бұл бастаманы насихаттағандардың көздегені шаңырақтағы бала санының дүниеге есеппен келуі. Себебі баланы өмірге жиі әкелген сайын баланың да, ананың да денсаулығы нашарлай түседі-міс. Бағдарлама көп ұзамай «жемісін» берді. Бұрын шаңырағынан бөпенің былдыры жиі естілетін қазақ әйелі бала санын бір, екі баладан арттырмауға, онда да арасын мейлінше ұзартуға тырысты. Қазір төрт баласы бар үйдің көпбалалы шаңырақ саналып жүргені осы «отбасын жоспарлаудың» қоғам өміріне дендеп кіргенін көрсетеді.  
       Ал енді мынаған қараңыз: Қазақстан халқы мемлекет саясатына сәйкес, өз жерінде 2020 жылы 20 миллионға жетуі тиіс. Бірақ қазіргі қарқынмен ол көрсеткішке жете қоюымыз неғайбыл. Өйткені статистикалық деректер соңғы 2,3 жыл бедерінде елімізде жыл сайын 300 мыңға жуық қана нәресте дүниеге келетінін көрсетіп отыр. Бүгінде шет мемлекеттердегі ең өзекті проблеманың бірі – ұлттың қартаюы. Әсіресе, ХХ-ғасырда жарты әлемді жаулаған немістер қариясы көп ұлт саналады. Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытай да қартайып қалды. Мұның басты себебі – бала туудың төмендігі. Демографтардың айтуынша, халық санының азаюы отбасының материалдық жағдайына байланысты емес. Бар мәселе бала әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруінде жатыр. «Бала туудың кемуіне отбасы жағдайының төмендігі себеп бола алмайды. Мәселен, Еуропа елдерінде материалдық жағдай біршама тәуір, бірақ бала туу жоғары емес» дейді әлеуметтанушылар. Бұл қауіп қалғып бара жатқан әлемді ұйқысынан оятып жіберді. Әуелі ес жиған жаңағы айтқан немістер болды. Олар жаңа туған сәбидің анасына немесе әкесіне соңғы жалақысының 67 пайызы мөлшерінде жәрдемақы төлеуге көшіпті. Француздар да белсенді демографиялық саясат жүргізіп, Батыс Еуропа елдерінің ішінде бала туудың ең жоғары көрсеткішіне ие болды. Іргеміздегі Қытай да бала санын көбейтуден қашпайды. Олар қазір«Бір отбасына бір бала» бағдарламасынан ішінара бас тартуда. Ормандай орыс та көбеюдің қамын жасап жатыр. Қамсыз жүрген тек біз ғана сияқтымыз. 
     Қазақта бір, екі баламен тоқталу «мәдениетінің» қалыптасуы осы бала тууды жоспарлау саясатының «жемісі». Мысалы, ХХ ғасырдың 50-60 жылдары қазақтың өсiмi күрт өскенін көреміз. Сол кездегі жаппай дәстүрге айналған бір отбасында 10-ға, кейде 13-15-ке дейін ұрпақ өрбітуді ойлағандар бұл күнде ұмыт болды. 
      Сондықтан көбею мәселесі Қазақстан үшін де айрықша маңызды болуы тиіс. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы шақырымға 5,5 адамнан келеді.  Табиғи өсім төменгі деңгейде, өкінішке қарай жыл сайын баласыз отбасылар саны артып келеді.  Бұлай кете берсе, ата-бабамыздан мұра болып қалған ұланғайыр жерді қорғайтын ұл таппай қалмайық.
БАЙСУАН
01 қараша 2019 ж. 1 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031