» » » Ғылым іздеп дүние көздеп...

Ғылым іздеп дүние көздеп...

Taqylym

Қазақ тарихында, əсіресе оның руханияттық дамуында ХІХ жəне ХХ ғасырлар тоғысының орны орасан зор. ХІХ ғасыр аяғындағы Ұлы Абай феномені — қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс. Қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек.
Абай ұлылығын, шығармашылық тұлға ретіндегі болмысын тап басып тануға біраз уақыт қажет болды. Ал абайтануды алғаш жүзеге асырғандар – ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары. Олар өздері міндет етіп алған ұлт үшін атқарылар ұланғайыр істердің бастау көзі ұлы Абайды тану мен танытуда деп біліп, ең алдымен, сол ұлы ұстаздың ұлылық қасиетін ардақтауға ұмтылды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы "Қазақ" газетінде басылған "Абай — қазақтың бас ақыны" атты мақаласында "Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ"–деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, "Абай философиясын" діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды. Бірақ Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров Құдайберген Жұбанов, Сұлтанбек Қожанов сынды қоғам қайраткерлері Абайдың ақындық мұрасын шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. Ал Мұхтар Әуезов Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол "Абай жолы" эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүниежүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды. Әсіресе, Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы осы салаға қосқан елеулі үлесі болып саналады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілмек. Осыған орай, елімізде әртүрлі іс – шаралар өте бастады. Атап айтқанда, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Абай оқулары, Абай атындағы көрме, Абайдың мерейтойына арналған студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

А.ЕСЕКЕЕВА
02 қараша 2019 ж. 2 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031