Абайдай дара атану үшін не істеу керек?

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұрсұлтан Аманқос ‒ Абай оқуларын мәнерлеп айтуда алдына қара салмайтын дарынды оқушының бірі. Ол жуырда ХХ республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанып, білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған дүбірлі додада ІІІ орын иеленіп, министрдің қолынан марапатталды. Оған қоса бас қаладағы №57 мектепің 8 сыныбында оқитын Нұрсұлтан «Тәуелсіздік тартуы» атты бала ақындар мүшәйрасына қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.
‒ Абай ‒ әлемдік тұлға. Ақынның жырын ойға жаттап, бойға сіңіру бүгінгі ұрпақтың парызы деп білемін. Сол үшін мұғалімнің көмегінсіз-ақ бос уақытымда Абай әлемін зерттегенді қолға алдым. Болашақта дана Абайдың жырымен сусындап өсіп, елге сүйеу болар дара азамат болғым келеді, ‒ дейді Нұрсұлтан.
Г. Нұртайқызы