» » » ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ ДЕП ҮМІТТЕНЕМІН

ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ ДЕП ҮМІТТЕНЕМІН

 
‒ Жаңа жағдайдағы іс қимыл кезеңінде мемлекеттік институттар мен қоғамның барлық саласында дерлік реформа жасалғалы жатыр екен. Демек, алдағы уақытта бізді біраз оң өзгерістер күтіп тұр. Мысалы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. Кадр саны қысқарып, сапалы мамандар іріктеледі. Содан соң мемлекеттік қызметшінің еңбекақысы да өседі. Сәйкесінше ол мамандардан сапалы білім мен білік, жауапкершілік талап етіледі.
Қолжетімді және сапалы білім ‒ адами капиталдың негізі. Осы Жолдауда көрсетілген реформалардың тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылатын болса, цифрландыру үдерісі тек қалада ғана емес шалғай ауылдардағы мұғалім мен оқушының білім деңгейінің өсуіне әсер етеді деп ойлаймын.
Күшейтілген карантин кезінде жұмысынан айырылғандар көбейді. Үкімет те қарап жатпай, халықты жұмыспен қамту арқылы кедейліктің алдын алуды ойластырып, бағдарлама қабылдап, бюджеттен қомақты қаржы бөлді. Бірақ Үкіметтің бұл әрекеті нәтиже бермеуі мүмкін, себебі бағдарламада тұрақты жұмыс орнын құрудың нақты механизмі қарастырылмаған. Бұл Жолдауда жұмыспен қамтудың нақты механизмдері айтылғанда құба құп болар еді деп ойлаймын. Жаңа жағдайдағы іс-қимыл реформалаумен басталып, сол реформалар сөз жүзінде емес іс жүзінде іске асады деп үміттенемін.

Нұрсұлтан ҚАРАЖАН,
әлеуметтанушы
02 қыркүйек 2020 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031