» » 140 бал жинаған Шиара Құдайбергенова қай университетке түсті

140 бал жинаған Шиара Құдайбергенова қай университетке түсті

ҰБТ-дан ең жоғарғы 140 бал жинаған алматылық бойжеткен Шиара Құдайбергенова қай жоғары оқу орнында білім алатынын айтты. 
Алматылық түлек Сүлейман Демирел университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мемлекеттік басқару мамандығын таңдаған екен.  «Негізі 4 оқу орнын жазу керек болған. Мен үшеуіне Сүлейман Демирел Университетін, біреуіне Еуразия Ұлттық Университетін жаздым. СДУ-да қаржы мамандығын таңдадым. Ал ЕҰУ-да мемлекеттік басқару мамандығына түскім келді. Мен негізі логист болғым келген, бірақ ол мамандық қазір электронды түрде дамып жатыр екен. Мен СДУ-да қаржы мамандығын таңдаған себебім, 4 жылда xалықаралық 14 сертификаттың 9-ын алып шығамын. Бұл сертификаттар басқа ЖОО-да берілмейді екен. Ал қаржыгерлерге бұл сертификат ауадай қажет. Сол үшін қаржы мамандығын таңдадым», - деді ол.  Шиараның айтуынша, оны білім алуға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Сүлейман Демирел Университеті, UIB, AlmaU және тағы да басқа бірқатар жекеменшік университеттер шақырған.  «Бірақ мен СДУ-ды таңдадым. Себебі алдағы 4 жылда аталған университет менің білімімді молайтады деп сенемін. Мұнда талап жоғары. Барлық сабақ ағылшын тілінде болады. Сол үшін ағылшын тілі курсына қатысып жүрмін», - деді алматылық түлек. Айта кету керек, республика бойынша ҰБТ тестілеуден ең үздік нәтиже - 140 ұпайға қол жеткізген Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияның түлегі Шиара Құдайбергенова Алтын белгі мен үздік аттестатқа үміткер болмаған. 
06 тамыз 2018 ж. 1 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031