» » » Қызылорда: Жаңа оқу жылындағы жаңалықтар қандай?

Қызылорда: Жаңа оқу жылындағы жаңалықтар қандай?

Қызылорда облысында дарынды балаларды демеу шаралары жаңа деңгейде дамиды. Талапты, инновациялық идеяларға құмар, жанашыл озық жобаларды жүзеге асыратын жас өнертапқыш жастардың жобалары аймақта іске асатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.
«Қазір білім берудің парадигмасына сай оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру басты талап. Яғни мектеп жасындағы балалардың алған білімін өмірде қолдану қажеттілігі басты орынға шығып отыр. Мұны біз функционалдық сауаттылық дейміз. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшудегі басты мақсатымыз да осы», – дейді басқарма басшысы.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу 2016 жылдан 1-сыныптардан басталса, биыл 11 сыныптармен толық аяқтайды. Оқушылардың білімін арттыру, алған білімінің нәтижесін анализдеу халықаралық көрсеткіштер арқылы көрініп отырады.
«Білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін бағалайтын PISA, TIMSS, PIRLS, IСІLS халықаралық зерттеулеріне облыс оқушылары 2012 жылдан қатысып келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елбасы» қорының бастамасымен жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатындағы «Ел үміті» жобасы өз жұмысын бастап кетті. Жоба бойынша «Мың бала» олимпиадасына біздің аймақтан 256 бала қатысып, оның 75-сі жеңімпаз атанды. Жеңімпаз оқушылар мамандандырылған мектептерге оқуға жолдама алады. Биылдан бастап Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесіп «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы іске асуда. Қазір біз Жаңақорған, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы ауыл мектептерінде жүргізілді»,- деді Ақзира Қасымова.
09 қыркүйек 2020 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031