» » » Хакім Абайдың 175 жылдығына орай жалпыхалықтық диктант жазылды

Хакім Абайдың 175 жылдығына орай жалпыхалықтық диктант жазылды

 Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 қыркүйек аралығында хакім Абайдың 175 жылдығына орай алғаш рет еліміздің барлық өңірінде «Ұлы Абай – халық жүрегінде» атты тақырыпта жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараның мақсаты – Абай Құнанбайұлының мұраларын кеңінен насихаттау және жазу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
«Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы аталып өтіп жатыр. Осыған байланысты елімізде әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – бүгінгі жалпыхалықтық диктант. Диктантқа бір адамдай қатысып отырғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл диктанттың қандай мақсаты бар? Отан ортақ болғаннан кейін, тіл мен жер ортақ. Яғни еліміздегі қандай да болсын ұлы тұлғалар да ортақ», деді Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба.
Осы орайда ол мемлекеттік тіл мен ұлы тұлғалар ұлтты біріктіретінін, бәрімізді тұтас ел ететінін атап өтті.
«Сондықтан бүгін баршыңыздың қатысуларыңызбен мемлекеттік тілде ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Ұлы Абай – халық жүрегінде» тақырыбында республикалық диктант жазуды қолға алып отырмыз. Абайдың шығармашылығы бәрімізге жақсы таныс. Ол ұлы адамның еңбектері ешқашан да ұлтқа бөлінбейді. Ұлы шығармашылық барлық адамзатқа тән, яғни Абай тек қазақтың ғана емес, адамзатқа ортақ ұлы тұлға», деп тілге тиек етті комитет төрағасы.
Бұл шараға Тіл басқармалары қызметкерлері, облыстық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары, әдіскерлер, тіл мамандары және мемлекеттік қызметшілер қатысты. Диктант республикамыздың әр өңірінде белгіленген күндерге сәйкес өткізілді. Диктант 145 сөзден тұрады. Ал мәтіні Абайдың қара сөздерінен құрастырылған.
12 қыркүйек 2020 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031