» » » «Қызылорда жылу электр орталығы» күрделі жөндеуден өтіп жатыр

«Қызылорда жылу электр орталығы» күрделі жөндеуден өтіп жатыр

 «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорнын күрделі жөндеуге «Нұрлы жер» бағдарламасы және «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 4 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жұмыстың 87 пайызы аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов баяндады.
«Негізгі станциясындағы газотурбиналық қондырғылары, су жылытқыш қазандығы және турбиналық цехтың технологиялық құбырларын, Оңтүстік қазандықтарын ағымдағы жөндеуден өтуде. Сонымен бірге ұзындығы 15 шақырым болатын магистралды және квартал ішілік жылу желілері қайта жаңғыртылуда. Осы жаңғырту жұмыстары аяқталғанда жалпы жылу желілерінің тозу пайызы 42 пайыздан 39 пайызға дейін төмендейді», – деді Руслан Аймырзаұлы.
Сондай-ақ, ұзындығы 1,8 мың шақырымды құрайтын электр желілері ауыстырылып, 233 қосалқы трансформаторлық станцияға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілуде. Ал «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы – алдағы жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін 56 дана ГРП мен 242 дана ШРП-ға ағымдағы жөндеуден өткізді.
Брифинг барысында басқарма басшысы коммуналдық қызметтердің тарифтері басқа аймақтармен салыстырғанда орташа деңгейде екендігін айтты.
17 қыркүйек 2020 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031