СҮЙІП ІСТЕГЕН ІС ШАРШАТПАЙДЫ
Әсия НҰРЛЫБАЕВА, QYZYLORDAтелеарнасының тележүргізушісі:
– Ақиқатына жүгінсек, журналистика саласы үлкен жауапкершілікті талап ететін, әрі қиын әрі қызықты мамандық. Бұл салада жүріп, түрлі мамандықтың иесі болуға да мүмкіндік көп, өйткені күн сайын түрлі саладағы адамдармен тілдесіп, олардың жүрген жолынан, басқан қадамынан хабардар болып отырасың. Ал өзіме келетін болсам, қыз бала үшін журналистика саласы қиын емес. Олай дейтінім Сәйф Сараидың "Сүйіп істеген іс шаршатпайды" деген орамды ойы дәлел бола алады. Расында да, журналистика қыз балаға немесе ер балаға тән мамандық деп бөлінбейді. Кім өз мамандығын жақсы көріп жасаса, ол үшін ешқандай қиындық туындамайды.
– Бұл салаға қалай келдіңіз? Жарыңыз қарсы болмайды ма?
– Бұл салаға келуімнің өзі қызық болды. Бала кезімнен журналистика саласына жақын болдым, бос уақытымда шығармашылықпен айналысып, өлең жазып, мәнерлеп оқудан түрлі мүшәйраларға қатысып, жеңімпаз атанып жүрдім. Бірақ мектептегі мұғалімдерім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуға кеңес берді, отбасым, ата-анам дәрігерлік мамандық қыз балаға тән деп, сол салаға бет бұруыма үгіттеді. Дегенмен жүрек қалауым журналистика болған соң, мектепті бітірген соң Алматыға барып Сүлеймен Демирел университетінің журналистика мамандығына шығармашылық емтихан тапсырып, жоғары балл жинадым. Қазақ-түрік университетінде мемлекеттік грант болмағандықтан журналистика саласының қасиетті қара шаңырағы әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мемлекеттік грант иегері атандым. Алғашқы еңбек жолымды да аймақтың жетекші арнасы "Қызылорда" телеарнасында редакторлық қызметтен бастадым. Ал жолдасымның пікіріне келсек, оның менің мамандығыма көзқарасы жақсы. Өйткені өзі де осы облыстық телеарнада талай жылдар бойы режиссерлық қызметте болды. Бізді таныстырып, табыстырған осы облыстық арна. Сондықтан екеуміздің өмірге деген, мамандыққа деген көзқарасымыз бірдей.
– Уақытты қалай тиімді қолданасыз?
– Уақыт біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Уақытымның басым бөлігін жұмыста, қалған уақытымды отбасымда өткіземін. Өзім жас келін болғандықтан уақытымды отбасыма, жолдасыма арнағым келеді. Мен үшін келіндік өмірдің алғашқы жылдары жолдасымның отбасымен, туған- туыс, достарымен танысуға, ортаға үйренісуге арналатын сыңайлы, әрбір келін үшін де солай деп ойлаймын. Өлшеулі уақытты құнсыз дүние үшін құрбан қылмайық. Еңбек етейік.
– Қазақ журналистикасына сіздің ойыңызша не жетіспейді?
– Қазақ журналистикасына жетіспейтін дүниелерді, кемшін тұстарды айтуға мен үшін әлі де ерте секілді, өйткені бұл салада жұмыс
жасағаныма ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Дей тұрғанмен, менің бұл салаға қатысты өзіндік пікірім де бар. Қазіргі журналистердің басым бөлігін жастар қауымы құрайды. Ал жас журналистердің кітап оқуға деген қызығушылығы аз, олай дейтінім, қазіргідей технологияның қарыштап дамыған заманында барлығымыз қажетті мәліметті ғаламтордан іздейміз, ғаламтордан аламыз, тіпті үйренетін дүниеміз де осы ғаламтордан алынады. Ал бұл – бүгінгі күннің ең өзекті проблемасы. Сондықтан журналист боламын дейтін немесе журналистика саласында жүрген әрбір жас кітап оқуын тоқтатпай, білімін шыңдай түсіп, көп ізденуі қажет. Тағы бір айта кететін жайт, қазақ журналистерінің тек бір тілмен ғана шектеліп қалуы. Күн санап заман өзгеріп, ғалам дамып, ақпараттар жылдам алмасуда. Ал әлемдік деңгейдегі мәселелерді көтеріп, сол деңгейде жаза білу үшін де тіл меңгеру қажет. Сондықтан журналист, меніңше, жан-жақты, көптілді болу керек.

– Кімді мақтан тұтасыз?
– Менің идолым - мені жарық дүниеге әкелген анам. Оның бойындағы барлық қасиеттерді өз бойыма сіңіруге тырысамын. Оның қарапайымдылығы, қамқорлығы, мейірбандылығы жалғыз маған емес өзге адамдарға да үлгі деп есептеймін. Анам мен әкемнің артқан сенімін ақтау, олардың абыройына дақ түсірмей, білім алып, сауатты маман болу – басты мақсатым. Кішкентайымнан құлағыма құйған ақылы да әлі күнге дейін жадымда. Қазір енем де өзімнің туған анамдай болып кетті. Менің әрбір жетістігімнің куәсі, себепшісі болғандықтан аналарымыздың жүзін мұң шалмасын деймін. Біз үлгі тұтатын жандардың жүзінен күлкі кетпесін!
– Сізді барлығымыз теледидардан көріп жүрміз ғой, ал біз білмейтін Әсияның тағы қандай қыры бар?
– Әсияның көпшілік білмейтін қыры көп болмағанмен, баршылық. Негізі өзім бос уақытымда ән тыңдап, ән айтқанды ұнатамын. Туған-туыстардың ортасында, отырыстарда бала кезімнен ән айтып, көңілді жүргенді жақсы көремін. Той-томалақтарда да ән айтатыным бар.
Негізі шығармашылықтың адамы жан-жақты келеді ғой, жалғыз қалсам, жанымды тек қаламым түсінеді. Өйткені бар құпиямды, сырымды ақ қағаз бен қаламға ашамын. Журналистің серігі қаламы, сондықтан ара-тұра қара сөзден өлең шимақтайтыным да бар, бірақ оны ешкімге көрсеткем жоқ, тек өзім үшін ғана. Өйткені мен ақын емеспін.

– Әйел бақыты дегенді қалай түсінесіз?
– Сынаққа құрылған мына өмірде тағдырымызды тоз-топалаңға ұшыратып алмас үшін қарекет жасауға талпынамыз. Бақыттың түпкі тінін әркім шама-шарқынша шамалайды. Әйел бақыты – қосағыңмен бірге ағарып, ана деген аяулы сезімді өн бойыңнан сезіну. Заман ағымы жеке тұлға ретінде өзіңді қалыптастыра отырып, сүйікті ісімен де шұғылдануды талап етеді. Әрбір әйел бақытының төресі бұл – бала сүю, перзентті болу, аяулы жар, сүйікті келін атану. Сондықтан мен әйел бақытының алғашқы баспалдығында жүрмін деп ойлаймын. Қазір бала келінмін, болашақта ана келін, дана келін болсам деген арман-тілегім бар. Әрбір қыз баласына сүйікті жар, аяулы ана болу нәсіп болғай.
– Болашақта немен айналысқанды жөн көресіз?
– Болашақтағы жоспарлар ол болашақтың еншісінде, сондықтан құпия болып қалсын. Дей тұрғанмен, алдағы уақытта жолдасым екеуміздің осы телевизия, режиссура саласы бойынша қызметімізді кеңейту жоспарымызда бар.
Сұқбатыңызға рақмет!
Ерхан АҚЫН