» » » ЕКПЕ САЛДЫРМАУ ҚЫЗЫЛШАНЫ ҚАЙТА ОРАЛТТЫ

ЕКПЕ САЛДЫРМАУ ҚЫЗЫЛШАНЫ ҚАЙТА ОРАЛТТЫ

  Ұлболсын АХАНАЕВА, Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

− Бұрын желшешек жайлы еститінбіз. Қызылша ауруымен ұқсастық бар ма?
Екі аурудың да коздырғыштары вирус, олар ауа тамшылары  арқылы таралатындықтан жұқпалы. Көп жағдайда бұл ауруларға балалар шалдығады. Екі аурудың бір-бірінен басты айырмашылығы ол денеде шыққан бөртпе түріне байланысты болады .
Қызылшаның адам ағзасына келтірер зардабы орасан. Қызылша − контагиозді жұқпалы ауру, яғни науқаспен қарым-қатынаста болғандардың 90 пайызы ауру жұқтырады. Қызылша кезінде науқастың қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады.
 − Қызылшаға қарсы екпе жүргізілетін еді ғой
− Жұқпалы ауруларға қарсы барлық профилактикалық екпелер тегін жүргізіледі. Елімізде вакцинация 21 жұқпалы ауруға қарсы ақысыз түрде жүргізіледі. Ата-ана бірінші екпенің балаға перзентханада вирустық В гепатитіне және туберкулезге қарсы жүргізілетінін білу қажет. 2 жасқа дейінгі балалар көкжөтел, дифтерия, сіреспе, вирустық В гепатиті, полиомиелит, пневмония, қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы екпе алады. Мектепке барар алдында туберкулез, дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы қайтара екпе салынады. Жасөспірімдерге 16 жаста және ересектерге әр 10 жыл сайын қайтара егу дифтерия, сіреспеге қарсы жүргізіледі. Егу шарасы егу бөлмесінде ата-ананың қатысуымен және келісімімен  жүргізіледі. Егу алдында міндетті түрде бала дәрігерлік қараудан өтеді, балада жұқпалы ауруларға қарсы егу шарасына қарсы болса, екпе өзге уақытқа шегеріліп, анасына түсіндіріледі. Әр вакцинаның қарсы  көрсеткіштері бар, оны тек дәрігер анықтайды. Егуден кейінгі жағдайды күнделікті медициналық қызметкер бақылайды. 2018 жылы егуден кейінгі қолайсыз көрністер орын алған жоқ. Иммунопрофилактика саласы бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес иммундау тек ата-ананың рұқсатынан кейін ғана жүргізіледі. Екпе – бұл жұқпалы аурулардан сақтанудың жалғыз сенімді жолы.
− Бұрын қызылшадан қайтыс болған балалар саны көп болған. Қызылшаға арналған екпе салған соң тиылған деседі. Бұл ауру қазір қайтадан пайда болды?
− Бұл жағдайдың басты себебі шетелдік азаматтарға байланысты. Себебі әлемде екпе егілмеген қаншама тұрғын бар. Бізде сырттан келген шетел азаматы есепте тұрмайды және олардың денсаулық жағдайын қадағалай алмаймыз. Осы жағдайда шетел азаматы қызылшамен ауыратын болса, вирус біздегі тұрғындарға күнделікті қарым-қатынас кезінде жұғады. Екіншіден, елімізде әлі күнге дейін екпеден бас тартатын адамдар көп. Олар тіпті өмір бойы ағзасын екпеден алыс ұстауы мүмкін. Бүгінгі таңда қызылша ауруына шалдыққан науқастардың 90 пайызы егу мерзімінде бала жасының толмауы, медициналық шегіністерге байланысты екпе салдырмау әсерінен ауруға шалдығуда. Қазір вирус түрі мен ауру саны өте көп. Екпе салынбаған адам денсаулығы ауруға төтеп бере алмайтынын ескерсек, қызылшаның да пайда болуына осы жағдай ықпал етеді.    
Ал егу шараларының нәтижесінде қызылша ауруы, құрөзек, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, гемофильді инфекция, іш сүзегі және т.б. жұқпалы аурулар соңғы 10 жылда тіркелмеген.   
− Екпе салдырмайтын адамдардың біздің облысымыздағы көрсеткішін білуге болады ма?
− Халық арасында, интернет желісінде иммунопрофилактиканың тиімділігі  жөнінде жалған ақпарат таралуына байланысты, ата-аналардың екпелердің қажеттілігін түсінбей екпеден бас тартатын жағдайлары бар. Жалпы республика бойынша  мұндай адамдар саны 3000-нан асады, Қызылорда облысы  бойынша жұқпалы ауруға қарсы жоспарлы  алдын ала егуден бас тартқандар саны биыл 87 пайызды құрады, оның басым көшілігі  немесе 44,2 пайызы 1 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Бас тартқан екпенің ішінде ең көбі АБКДС+ВГВ+ИПВ, БЦЖ және пневкоккке қарсы екпелер. Бас тартудың себептерін басым көпшілігі вакцинаға сенімсіздік пен діни бағыттағы көзқараспен байланыстыруда. Қолайлы эпидемиологиялық жағдайға байланысты көптеген адамдар екпе салдыруды тоқтатады, мұндай жағдайда бұрын жойылған вакциналар қайта оралады. Сондықтан екпенің пайдасы жоқ деген шешім қате. Себебі дүниеге келген нәресте көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғышымен кезігеді. Олар қорғалмаған (егілмеген) балаларды мүгедектікке немесе өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін. Қазір дамыған елдерде ата-аналар жұқпалы аурулардың қандай салдары болатынын білмейді. Біраз уақыт бұрын полиомиелит жүздеген балаға зақым келтірді, аурудың нәтижесінде аяқ қолда мүгедектік пайда болды, бұлшық еттері семіп, дене пішіндері қисайды. Қазіргі таңда қолданылатын вакциналар қауіпсіз болып есептеледі. Екпе түріне қарай инфекция қоздырғышы иммунитетте бірнеше жыл, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Вакцинацияның тиімділігі және бас тартқан жағдайдағы  әсері туралы   халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу  мақсатында педиатор,  аллерголог, невропатолог, эпидемиолог, иммунолог мамандарын қатыстырып, облыстық кеңесші топ құрылды. Әр емхана бойынша егу шараларынан бас тартқан ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу мақсатында кеңесші топ емханаларға барады.
− Сұқбатыңызға рахмет!
Мөлдір САБЫРЖАН
16 наурыз 2019 ж. 1 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031