» » Қызылша белгілері және емдеу жолы

Қызылша белгілері және емдеу жолы

   Қызылшаның жасырын кезеңі 9-11 күн, егер иммуноглобулин алған болса, жасырын кезеңі 15-21 күнге созылуы мүмкін. Алғашқы белгілері: аурудың қызуы көтеріліп, әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болады, көзі қызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл (пятнистая) бөртпелер шығады. Екі ұрттың үстінде қызылшаға тән майда ақшыл бөртпелер кілегей қабығының үстінде ерекшеленіп тұрады, мұндай белгіні Бельский-Филатов-Коплик бөртпелері дейді. Сыртқы түріне қарағанда бұл бөртпелер «манна» түйіршігіне ұқсайды. Теріде қызылшаның бөртпелері пайда болғанда Бельский-Филатов-Коплик бөртпелері кетіп қалады. Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі: бірінші күні бөртпе бетте, мойында, екінші күні денеде, қол, сан терілерінде, үшінші күні балтыр, аяққа шығады, ол күні беттегі бөртпелер бозарады. Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудың қиындығы, мойын артында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсыну тән. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.
Қызылша ауруында науқас адам бөртпе шыққанға дейін 4 күн және шыканнан кейін 4 күн қауіпті болып саналады.  Қызылша ауруы ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхтың және ми қабаттарының қабынуы сияқты өте қауіпті. Жұқпаның жеңіл түрінде науқас үйде емделеді. Ал балалар төсекте жату керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер қою тамақ жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз. Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол дәрісі пайдалы. Көзіне күн жарығы түспейтіндей жағдай керек, тамағын шайқап, көзін тазалап, 2% сульфаций натрий сұйығын көзге 3-4 рет тамызады. Науқасқа мол құнарлы сұйықтар беріледі. Шағымына байланысты жазылғанша дәрігер бақылау қажет.
Әлия ЫДЫРЫСОВА,
Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің инфекциялық және паразитарлық ауруларға эпидқадағалау бөлімінің басшысы
14 наурыз 2019 ж. 1 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031