Әлия ӘШІМ, журналист. Вoston university college of communication студенті: GO FOR IT
– Қазір көп жастың шетелге кеткісі келетіні жасырын емес. Сіз әлемжеліде"проблема не в локации, а в голове" деп жазба қалдырдыңыз. Шетелге көшу,сыртта өмір сүру соншалықты қиын ба?
– Өмірінде бір рет те болсын мұхит асып, әлемдегі алпауыт елді көруді армандамайтын жан жоқ шығар. Соңғы жылдары Қазақстаннан да Америка құрлығына саяхаттап не болмаса мен секілді оқуға баратын адамдар саны артқан. Олар көбіне АҚШ үкіметінің студенттерге ұсынған Work and Travel бағдарламасы арқылы барып жатыр. Менің елдегі достарым "АҚШ-қа келсек қазақ жерінде жүрмеген кәсібімді дөңгелетіп алып кетем" деп ойлайды. Орысша айтқанда "все будет в шоколаде" деу – қате түсінік. Америкаға келу үшін кемі 10 мың доллардай ақша міндетті түрде керек болады. Өйткені бұл елде барлығын сақтандырасың. Мысалы автокөлік, үй немесе денсаулықты сақтандыруға қоясың ал оған өте көп қаражат қажет. Сосын тағы бір қиындық тудыратын дүние, ол бәрін қайтадан бастайсың. Олда былай алып қарағанда өте қиын. Өйіткені саған ешкім қарамайды, сен өзің үшін тіршілік жасайсың.
– АҚШ пен Қазақстанның біз білмейтін айырмашылығы қандай?
– АҚШ-та қараша айында сайлау болатынын бәріміз білеміз. Жеке немесе партия атынан қатысып жатқан үміткерлердің бағдарламаларынан қызық дүниені байқадым. Мысалы, біздің елде денсаулықты сақтандыруға көшкелі жатыр. Сақтандыруға көшу деген жалпақ тілмен айтқанда бизнес, халық үкіметке қарап қалмасын деп жасалып жатқан дүние. Оған көшетін болсақ үлкен клиникалар ашылып және соған лайықты қаражат бересің деген сөз. Ал, Америкада социализмге көшіп жатқан секілді, өйткені Америка тұрғындарының қалтасы көтермеуі мүмкін. Себебі адам обырға немесе осы секілді жаман ауруға шалдықса, оған жәй ғана сақтандыру көмектесе алмайды. Премиум класс деген сақтандыру түрі бар. Ал ол тағы да айтып өтейін, көп қаржыны талап етеді.
Тағы бір айтып өтетін жәйт – Америкада мемлекетті басқарудың мықты тәжірибесі, дәстүрлері бар. Жай ғана үкіметін алып қарасақ, қандай да бір заңды қабылдамас бұрын халықпен ақылдасады және халық соған дайын болады. Тағы бір мысал, бізде темекі тұқылын немесе қоқысты көшеге тастасаң саған айыппұл салады. Америка азаматтарына бұндай жағдайды түсіндіріп жатудың қажеті жоқ, өйткені олардың қаршадай баласы да мұның дұрыс еместігін біліп отырады. Өзімнің басымнан өткен жағдайды айтайын, жақында мен көлігімді құлыптамастан тастап кеттім. Бүкіл затым сонда тұрғаны еске тсүкенде сәл алаңдадым. Бір сағаттан соң келсем, барлығы орнында тұр. Жоғарыда айтып кеткенімдей бізде барлығы ұры немесе тәрбиесіз деген сөз емес. Қысқаша айтқанда бұл жақтың адамдары бәрін заң жүзінде болсын немесе адами тұрғыда болсын ұғына біледі.
– Шетелге көшкен әрбір азамат жаңа мәдениетпен қақтығысу әсерінен ұлтының мәдениеті мен тілін ұмытуға бейім келеді. Ал елден жыраққа кеткен олар өз тілі мен ділін ұмытып бара жатқан жоқ па? Сіздің пікіріңіз?
– Кейде біздің менталитетке таң қаламын. Неге біз басқа елге білім іздеп немесе көшіп кеткендерді сатқынмен тең көреміз? Псевдопатриот, националист болудың қажеті жоқ. Басқа елге кетіп өз еліңді сол жерде ұлықтауға болады ғой. Ондай соқыр патриоттар тек ұлтты артқа тартады және өскелең ұрпақтың санасын улайды деп есептеймін. Өзіміздің көршілес өзбек халқын алатын болсақ оларда біздің «Болашақ» секілді "Үміт" бағдарламасы бар. Болашақтың шарты бойынша шетелге оқуға кеткен студенттер міндетті түрде елге оралу қажет. Ал, өзбек ағайындар "адам – капитал" дегенді ұстанады. Себебі осы елде кезінде қалған өзбек азаматтары өз еліне орасан қаржы әкеліп жатыр. Тілге
келсек иә, ұмытуы мүмкін себебі қазақша сөйлейтін адам жоқ, тіпті орысша сөйлейтіндер жоқтың қасы. Ал, өзіме жеке келсем мен тілді де ділді де ұмытпаспын. Өйіткені мен қазақы тәрбие алып ауылдың иісін көргенмін.
келсек иә, ұмытуы мүмкін себебі қазақша сөйлейтін адам жоқ, тіпті орысша сөйлейтіндер жоқтың қасы. Ал, өзіме жеке келсем мен тілді де ділді де ұмытпаспын. Өйіткені мен қазақы тәрбие алып ауылдың иісін көргенмін.
– Жырақта жүріп тегіңді ұмытпас үшін не істеу қажет?
– Көпшілік американы иммигранттар елі деп атайды. Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама ұлт көшіп келіп өмір сүруде. Ұлты әртүрлі болғанымен ортақ тілде яки ағылшынша сөйлейді. Иммигранттар жаңа ортаға бейімделіп, өзге мәдениетке келген соң өз салт-дәстүрінен алшақтайтындығы заңдылық. Ал ол дегеніміз ұрпақ тегін ұмытады дегенді білдіреді. Өз тілін ұмытпай, мәдениетін сақтауға тырысатын ұлттар бар, бірақ олар өте аз.
– Сіздің жазбаларыңыздан көп байқалатын дүние – ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас. Сіздің ойыңызша нағыз ер адам қандай болу қажет?
– Нағыз ер адам комплекссіз болу қажет. Біздегі отбасыдағы басты проблема ол ер адамның комплексте болуы, яғни орынсыз ұялу. Ол тұтас отбасына кері әсерін тигізетін фактор десек болады. Ер азамат өзінің қорқыныштарын жеңбесе тұлға ретінде дамуын тоқтатады.
– Отбасы тақырыбынан алыстамай-ақ қоялық. Кішкентай қыздарыңызды жат елде тәрбиелеу қиындық тудырмай ма?
– Бала тәрбиесі шынымды айтсам қиын. Қиындық тудыратын себебі, қаржы мәселесі. Жай ғана егер балаңды балабақшаға беретін болсақ айына 1000 доллар немесе одан да көп ақша төлеу қажет болады. Біздің теңгеге шаққанда ол 600 мың теңге шамасы.
– Лос-Анджелес қаласында даяшы болып жұмыс жасапсыз. Біздің елде көбісі даяшылықты жастардың жұмысы дейді. Шыны керек, жастардың өзі де кейде "ұят" санайды.
– Мен жас кезімде де немесе студент кезімде де даяшы боп жұмыс жасамадым. Жасым 26-ға келгенде осы жұмысқа кірістім. Басында шыны керек қиын болды. Мен ол жұмысыма ұялған емеспін, бірақ "басқалары мені неге кемсітуі керек" деп ойладым. Мен сол кезде қателескен де болармын. Алты ай даяшы болғанымда өзімнің өркөкіректігімді жеңе білдім. Менің ұққаным – кез келген еңбек бағалы.
– Америкалықтарға құрт жегізгеніңізге бір риза болып қалдым. Тағы да қандай тағамдарымыздың дәмін татқыздыңыз?
– Шынымен құрттың дәмін татқанда олар таңқалды. Олар үшін таңсық дүние расында. Қазақтың "рафаеллосынан" соң біздің кухнямызды білгісі келгендер көбейді. Біз қазақтар жылқыны мінгеннен бөлек, етін жейміз дегенді естігенде шошып кеткендері де бар (күліп)
– Сіз бір жазбаңызда "Группадағы бір қыз журналистикаға келмес бұрын, бес рет оқуды тастаған. Бес рет мамандық ауыстырған. тағы біреуі бакалаврды биотехнологқа бітіріп, магистратураны журналистикадан оқымақ" депсіз, ал сіз журналистика таңдамағаныңызда кім болар едіңіз?
– Бізде университеттегі оқуыңды тастау, оқуды аяқтамау - үлкен күнәмен тең. Көршілер өсек қылады, ата-анам ұялады, құрсын диплом алайынның кебі. Содан, жұмысқа құлықсыздық, салғырттық туады. ХҚКО-да ашуланып отырған менеджер, банкте ұрысып отырған кассир. Өз-өзін таппаған адам.
Біздің үйде шығармашылық адамы шықпаған. Бірақ сонда да әкем менің бала кезімнен ізденгенімді қалайтын. Жалпақ тілмен айтсақ шай үстінде көршілер немесе туыстарды өсек қылмайтынбыз. Керісінше елде болып жатқан жаңалықтарды, үкіметті әңгіме ететінбіз. Сол ізденістің арқасында журналистикаға келдім деп есептеймін.
– Шетелге оқығысы келген жастарға қандай ақыл айтасыз?
– Нақтысы оқығысы келетін жастарға мүмкіндік көп. Мен осы Лос-Анджелес қаласында 6 ай ешқайда шықпастан оқыдым. Ол тек өзімді осында үйрету үшін. Тілін де, өмір сүру стилін өзіме қабылдау үшін тынымсыз ізденісте болдым. Ал егер осының барлығына көніксең, " go for it" іске кіріс!
– Елді сағындым... Қандай жағдай болмасын мен ешқашан басқа елге көшу деген ойымда болмаған. Орысша айтқанда "Я буду последней которая выйдет из аэрапорта и выключит свет" (күліп). Өз ұрпағымның өз елімде өсіп жетілгенін қалаймын!
Сұқбатыңызға рақмет!
Ерхан АҚЫН