2021 жылдан бастап «Тәлім тв» өз жұмысын бастайды – Мұхаметжан Тазабеков

Брифинг барысында Мұхаметжан Тазабеков «Асыл арнаның» жұмысы ары қарай қалай жалғасатынын айтты.
«Біз «Асыл арнаның» көрермендерін жетімсіретіп қалдыра алмаймыз, сол себепті «Тәлім ТВ» деген жаңа телеарнаның тұсауы кесіледі. 2021 жылдан бастап «Тәлім тв» өз жұмысын бастайды. «Асыл арнаның» діни контенттерінің барлығы «Халық арнасына» өтіп, «Асыл арнаның» орнына «Тәлім тв» дейтін жаңа арна ашылады», – дейді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Халық арнасы» ашылып, « Асыл арна « телеарнасы жабылатыны туралы жазған болатынбыз.