» » 2020 жылдан бастап шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізіледі

2020 жылдан бастап шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізіледі

2020 жылдан бастап Қазақстанда шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізіледі. Бұл жайында БЖЗҚ-ы маманы Ақмарал Сұлтанбетова Алматыда өткен семинар барысынада айтты. Оның айтуынша, бұл жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы болып табылады.
«Бұл дегеніңіз қызметкердің айлық табысынан 5% көлемінде жұмыс берушінің қаражат есебінен төленетін жарна. Оның артықшылығы зейнетақы өмір бойы төленеді, тіптен шартты-зейнетақы шотындағы ақша таусылып қалған жағдайда да. Сондықтан бұл жүйе жалақысы төмен деңгейдегі адамдар үшін тиімді», -дейді ол.
Мұндай зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға кемінде 60 күнтізбелік ай жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаларға төленбек. Алғашқы төлемдер 01.01.2025 жылдан төлене бастайды.
Сонымен қатар мұндай жинақтар мұраға қалдырылмайды. Құнсыздану деңгейі есебімен жарналардың сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдігі жоқ. Міндеттемелер инвестициялық табыс есебімен, яғни әр салымшыға енгізілген жарналар мөлшері мен санына байланысты құрылады.
Әділет МҰСАХАЕВ
17 шілде 2018 ж. 866 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031