» Бүгін мен ертең

Бүгін мен ертең

Жастар жылы логотип

«Бүкіл азаматтың келешегі – жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты», – деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, білімге, рухани және тарихи құндылықтарды бағалауға, патриотизмге жастар назарын аудару қажет-ақ. Біз дамыған елдер санатына аянбай еңбек ететін, жоғарғы білімді, тілдерді еркін меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу жастар арқылы жетеміз. Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауының өзі біз үшін үлкен бір серпіліс болды.
         Жастық шақ – ізденістің бастауы, жаңа озық идеялармен қаруланып, еліміздің көркейіп, өркендеуіне үлес қосу кезеңі. Осы жас кезінде ғана адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді. Бұл дегеніміз – ерік-жігер, бойда қайнап тұрған жастықтың жалыны. Барлық салада – спортта, саясатта, бизнесте жас буынның көшбасшылық танытуы заңдылық. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Алдыңгы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар білімді де, білікті жас – елдің кемел келешегінің  тірегі. Ел  болашағын жарқын ету – біздің міндетті борышымыз. Бұл жолда аянбай еңбек етеміз.
                                                                 
                                                                  Аружан МАХМҰТ,
                   «Ұлағат» колледжінің студенті
---
22 ақпан 2019 ж. 980 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031