ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары коледжінде «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберлігі Ұлттық чемпионаты өтті. CAD Инженерлік графика құзіреттілігі бойынша колледжішілік топтық құрамнан озық іріктелген 6 қатысушы өзара сынға түсті. Олар тапсырманың мәтіндік сипаттамасын, құрастырма бөлшектерінің сызбасын, құрастырма модель файлдарын, кері жобалау үшін деталь әзірледі. Әрбір модуль жеке бағаланып, Тілектес Хамзаұлы I орын, Ерасыл Ғалымжанұлы II орын, Айжан Сайлауқызы III орын иеленсе, Азамат Кенжемұратұлы, Жалғас Алтынбекұлы, Інжу Ұлықбекқызы алғыс хатпен марапатталды.
WorldSkills International – коммерциялық емес халықаралық ассоциация. Мақсаты – дүниежүзінде шеберлік байқауларын ұйымдастыру арқылы кәсіптік білімді дамыту және жұмысшы мамандығының дәрежесін арттыру.
Нұр МЕҢЛІҚҰЛОВ