» » Ұлттық ойындар ұлықталды

Ұлттық ойындар ұлықталды

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 6-шы жұлдызында Арал индустриалды-техникалық колледжінде 90 жылдық мерейтойынының өткізілуіне байланысты «Басекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық-сауықтыру» атты ұлттық ойындар жарысы болып өтті.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Спорт-елдің мерейін арысып, абыройын тасытатын сала» деп бекер айтпаған. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан, спорттың бұқаралық сипатын дамыту мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Бұл тұрғыда спорттың әлемдік деңгейде дамуы әрбір қазақстандықтардың басты міндеттері. Міне, осы мақсатта ұйымдастырылған тартысқа толы жарыста ойынның 5 түрі қамтылды. Атап айтқанда, бес тас, батпан көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және асық ату ойындары
Жарыс нәтижесінде бес тас ойыны бойынша Д.Сейілханова І орын, арқын тартудан колледж командасы І орын, тоғызқұмалақтан ерлер арасында А.Шындалы І орын, қыздар арасында С.Төлебаева І орын, асық атудан Н.Жолдыбаев ІІ орынды жеңіп алды. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жүлделі орындарды екі колледж өзара бөлісті.
К.Байқазақова,
Арал индустриалды-техникалық
колледжінің оқытушысы.
19 ақпан 2018 ж. 1 007 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031