» ОБЛЫСТА 24-30 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ

ОБЛЫСТА 24-30 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ

 
Еуропалық иммундау апталығы 9 жыл қатарынан өткізіліп келе жатыр.

Ағымдағы жылдың 24-30 сәуір аралығында республика көлемінде, оның ішінде біздің облысымызда да «Алдын ал, сақтан, егіл!» ұранымен иммундау апталығы өтеді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясындаоблыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының м.а. Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
«Иммундау апталығының мақсаты – азаматтардың жасына және егілуге тиісті екпелер түріне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы алдын ала егу шараларымен қамту. Осы 1 апта көлемінде тұрақты емханаға қарасты және тіркелмеген, тұрақты тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтарға, олардың балаларына, ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес, жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы алдын ала егу шараларын жүргізуге облыстағы барлық емханалар дайын», – деді Ә. Мүтәліпқызы.
Жалпы облыс бойынша 212 емдеу сауықтыру мекемелерінің 196-да егу бөлмесі қызмет жасайды. Егу бөлмесі бұйрық талаптарына сай толық жабдықталған, тоңазытқыштармен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайыз. Шалғай елдерде тұратын тұрғындарды профилактикалық екпелермен қамтуға жылжымалы егу бригадасы дайын. Облыс бойынша 99 елді мекенге 48 жылжымалы егу бригадасы шығады.
Әйгерім ӘБДІРАХМАН
---
19 сәуір 2019 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031