» Волейболдан республикалық турнир өтуде

Волейболдан республикалық турнир өтуде

   
Орталық стадионда «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл және «Жастар жылы», 1 наурыз – Алғыс айту күні мен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелеріне орай волейболдан қыздар арасында республикалық турнир бастау алды.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев қатысты.
– Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан, қазіргі таңда спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі болып отыр. Осындай жоғары деңгейдегі жарыстардың ұйымдастырылуы жас спортшылардың шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуына септігін тигізері сөзсіз. Барлық қатысушыларға тартысты ойын өрнегін көрсетулеріңізге тілектеспін, – деп командаларға сәттілік тіледі.  
Жарысқа Арал қаласының, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары және Қызылорда облысы аудандарынан келген 7 команда құрамында 70 спортшы-қыздар бақ сынауда. Жарыс қорытындысы бүгін белгілі болады.
Әйгерім ӘБДІРАХМАН
---
28 ақпан 2019 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031