Өрмекшінің торы
Қазіргі таңда ғаламторсыз тіршілік мүмкін емес тәрізді. Ол біздің өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Осы бір ғажап дүние бізге көмектесу қатар зардабын да тигізуде. Адамдар алтын уақытының экран алдында өтіп жатқанын байқамай қалуда. Шаршаңқылық, жүйкенің тозуы, көз аурулары көбейіп, өмірге белсенділігімізді төмендетуде. Артылықшылығы мен кемшілігі қатар жүретін бұл желінің ғаламдық мәселесі күн санап артып жатыр. Ата-ана да бар назарын ұялы телефонға арнап, көп балалардың тәрбиесі сыртта қалып жатыр. Тіпті кішкентайларды жұбату үшінде ұялы телефонды беріп алдағанымызбен , олардың да санасын улап жатқанымыз тағы бар.
XXI ғасырда қоғам дерті болған бұл қасіреттен біз өзімізді барынша қорғап, санамызды улайтын дүниеден аулақ болуымыз керек. Бос уақытымызды тиімді пайдалануға не кедергі? «Жас келсе, іске» демекші бойда күш барда белсендірек болсақ, болашақты жарқын етуге атсалысар едік. Санамызда миллиондаған ақпарат пен түрлі жаңалықтарды жинап тәуелді болып қалғанымыз сонша, жақындарымызбен тілдесуден алшақтап бара жатырмыз. Бар назарымыз − экранда, қолымыз – пернеде. Үлкен кісілердің «осы бәленің ішіне кіріп кеттің ғой», «бір сәт тастап бізбен тілдессең қайтеді» деп айтатын жөні бар. Жақын жандарымызды әлеуметтік желіден іздегенннен, өмірде жүзбе-жүз тілдесіп, араласқанға не жетсін? Кейде ғаламтордың әсерінен маңызды деген жұмыстарымыз кейінге қалып жатады. Әлеуметтік желінің қуаты соншалық бірінің табысып, енді біреулердің айрылысуына себеп болады. Ғаламтор ата-баба салған із бен баға жетпес құндылығымызды құрметтеуден алшақтатпаса игі. Әлеуметтік желіні тек қажеттілігіне ғана пайдалана отырып, уақытты үнемді, ұтымды ете білсек ғана ілгері жылжуымызды қамтамасыз етуге болады. Неге десеңіз, дамыған жетекші елдер санатында экономика мен мәдениет дамуының негізгі факторы ретінде қарастыруға болады, яғни ғаламтор арқылы біз әлемдік деңгейге шығуға мүмкіндік табамыз. Замандастарыма айтарым, ғаламтор желісін пайдалануда сақ болайық. Осылайша желіге тәуелділіктен құтылып, бұл дертпен күресе аламыз. Үлкен әлемде жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін өмірден дайын нәрсеге құмартпай, өз мақсатымызға жету жолында белсенді әрекет етейік. Бастысы ғаламторда емес, шынайы өмір сүрген ғажап екенін ұмытпайық!
Аружан Махмұт,
Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің 3-курс студенті