» НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ПЕН НАМЫС

НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ПЕН НАМЫС

   
«Ер жігітті намыс өлтіреді» дейді қазақ. Анығында, осы намыстың бағындырмайтын бекінісі, алмайтын қамалы жоқ. «Намысың қайда?» деп бәсекеде кіл мықтыны бір қайрап алатын үлкенді талай көргем.  Ұлттық болмысымыздың, рухымыздың, мемлекеттің мазмұнды бейнесіне айналған рәміздердің қазақ үшін биік тұруы осы Намыстың арқасы тәрізді көрінеді кейде
.
Тұлпар мініп, ту алған
Әдетте шетелде жүрген қазақ жастары көк туды өзге елдің көгінде көтеріп суретке түседі. Бұл ‒ азат ойлы Алаш баласының еркіндігі мен елге сағынышы болса керек. Расында ұлттық рәміздер халықты бір мақсатқа біріктіріп, мемлекетшіл мүддеге жұмылдыратын күш. Жақында жас ғалым Бекарыс Нұриманов әлеуметтік желідегі парақшасында ту жайлы мынадай дерекпен бөлісіпті: «Құтадғу білікті» зерттеу барысында Қарахан мемлекеті тұсындағы рәміздер туралы мәтін еріксіз назар аудартты. Сонда Жүсіп Баласағұн: «Екі нәрсе бұл бектердің абыройын өсіреді. Қара еліндегі туы, төріндегі дастарханы» деп жазыпты. Көктүрік қағанаты кезінде мемлекеттік туымызда бөрінің басы бейнелесе, бүгінде қыран мен күннің барын білесіздер. Ең қызығы екі тудың да түсі бірдей көк», ‒ дейді PhD докторы.
Кешегі Сүйінбай бабамыздың «Бөрілі байрақ» аталатын қастерлі ұғымы қазірде маңызын жоғалтқан емес. Әлем алаңында абыройымыз асқақтап, байрағымыз биіктесе бұл ‒ тұлпар мініп, ту алған қазақтың бүгінге дейін жалғасқан  бейбіт өмірінің айғағы.
Елтаңбасын еңселі еткен
 Елтаңба авторы Шота-Аман Уәлиханов бір әңгімесінде мемлекеттік рәміздің дүниеге келуі жайлы былай дейді: «Елтаңба жасау туралы ой 1990 жылдың жаз мезгілінде, кеңес дәуірінде келді. «Өмір туралы, халқымыз туралы көп ойлайтынмын. Елтаңбаның бейнесі түсіме кірді: үлкен ақ самұрық құс қанатын қағып, оның қанаттарының ортасынан жарқыраған күн сәулесі көрінді. Көзім жұмылып кетті, кейін көзімді ашсам, күннің шаңыраққа айналғанын көрдім. Түсімде көрген нәрселерді таңертең қағаз бетіне түсірдім. Бұл идея мені еліктіріп жіберді. Тарих туралы, қазақ этнографиясы туралы кітаптар оқыдым. Менің жобамда мынадай концептуалдық элементтер бейнеленді. Елтаңба пішінінің дөңгелек болуы кездейсоқ емес, себебі бұл пішінді көшпенділер ерекше бағалаған. Бұл ‒ өмірдің, мәңгіліктің белгісі» дейді автор. Расында тұтас бір ұлттың бейнесі ‒ шаңырақты, қанатты мүйізді пырақты, ел бірлігі мен көшпенділер тұрмысын суреттеген Елтаңбаның қазақ үшін қашанда орны биік.

Айналдым Әнұраннан

        Байқайсыз ба, әнұранды орындаған әрбір қазақтың ойын елге деген сүйіспеншілік, бойын мақтаныш сезім кернейді. Бұл ‒ композитор Шәмші Қалдаяқов, ақын Жұмекен Нәжімединов, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтқа деген перзенттік жүрегінен шыққан туынды. Сондықтан оны сезімсіз шырқау мүмкін емес.
       Биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне ‒ 27 жыл. Кешегі азаттықты көксеген сан мың қазақ арысының арманын ақиқатқа айналдырып, ұлттық бейнемізді биіктеткен ‒ 27 жыл. Ту, Әнұран, Елтаңба ‒ нағыз қазақтың символы, ал оның қадірін арттыратын күш ‒ қазақтың намысы.

Гүлдана ЖҰМАДИН
---
07 маусым 2019 ж. 1 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031