» Әзіліміз неге арзан?

Әзіліміз неге арзан?

 
Қазір телеарналарда не көп, әзіл-сықақ бағдарламалары көп. Бірақ көбіміз көрмей жатып, басқа арнаға ауыстырып жіберетініміз жасырын емес. Себеп біреу – тақырып тапшылығы.  Әйел рөліндегі еркек, тілін бұрап ойнаған қыз қазіргі көрермен үшін қызықты емес.
Соңғы жылдары осы бағыттағы театрлар саны көбейгенмен, олардың қоғамдағы рейтингі төмендегені байқалады. Мұны актерлардың өздері де жоққа шығармайды. Телеарналар да мұны түсіне бастаса керек, әзіл-сықақ бағдарламаларын түннің ортасына эфирге қоятын болып жүр. Олардың бар мақсаты эфир толтыру. Арзанға әуестік ізденіспен, актер шеберлігімен келетін комедиялық қойылымдарға деген ықыласты азайтты. Мысалы, аты "Нысана" болғанымен ондағы актерлердің айтқаны нысанадан мүлде алыс түсіп жатыр. "Шаншардың" да "шаршап" қалғаны байқалады. Ауызға бірінші осылар ілінгенімен қай-қайсының да қатырып тұрғаны шамалы.
 Мысалы, жақында танысым "Алдараспан" театрының жаңа қойылымын көрші, өте қызық" деді. Ұялысынан сол қойылымды тауып алып та берді. Бір қарным ашқаны, халық Тука деп танитын Нұржанның наиб имамды мазаққа айналдырғаны болды. "Терезеден секірсең "Астағифируллах" секірмесең "Машаллах" дегені енді шектен шыққандық менің ойымша.  Барлық дүниені қозғап болғандай қасиетті исламды да күлкіге айналдыруы таңқалдырды расында. Әрине қазір дінде дүмшелер көп, бірақ оған басқа қырынан келген жөн еді ғой.
Осы оқиғадан соң шыны керек театрлар туралы қарай бастадым. Тұрсынбек Қабатов жігіттері мен "Өнер қырандары" театрынан тұшымды нәрсе қойып жүрген театр жоқтың қасы екен. Бала кезімде сол түкке тұрғысыз әзілге талай күлдік-ау. Жас келе ақыл қостым ба әлде шынымен де әзіл құны құлдырады ма білмедім.   
Әзілді дамытатын қоғам екенін ұғынатын кез жетті. Қоғамың қандай болса, күлкің де сондай болмақ. Оның үстіне әзілдегі әр тақырыптың өз ортасы бар екенін ұмытпайық. Саяси, зиялы ортаға арналған, жалпы жұртқа арналған деген сияқты. Бір әзіл баршаға қызық бола бермейді. Мәселен, Ресей, Батыс елдері әзіл индустриясын қалыптастырып, оны үлкен бизнеске айналдырып алды. Қаламақылары өте жоғары. Әзілге негізделген шоу- бағдарламалар, комедия жанры жолға қойылған. Бізде бұл сала енді жолға қойылып келе жатыр. Осы жолдағы бағытымыз түзелгенде ғана қазіргі арзанқол театрлардың түкке тұрғысыз қойылымынан құтылатын шығармыз.
Байтүгей СУАН
---
21 маусым 2019 ж. 819 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031