Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі

Ағымдағы жылдың 6 айында Қызылорда облысында инфекциялық және паразитарлық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланады.
Риккетсиоздар, туляремия, листериоз, лептоспироз, иерсиноз, малярия, трихинеллез, іш сүзегі, паратифтер, полиомелит, қызамық, көкжөтел, дифтерия, сіріспе, Д, Е жедел вирусты гепатиттер тіркелген жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда 20 инфекциялық нозология бойынша аурушаңдық көрсеткішінің төмендегені байқалады.
Есептік кезеңде облыс бойынша қызылшаның 412 жағдайы тіркелді, аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 53,0%00(промиль) құрады. Жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес ауруға шалдыққандардың 83% қызылшаға қарсы егілмегендер екендігі анықталды, оның ішінде 47% егілу жасына жетпегендер, 23% денсаулық жағдайына байланысты екпеге қарсы медициналық шегіністерге байланысты егілмегендер, 25% жоспарлы екпе қабылдағандығы туралы құжаттарының болмауына байланысты екпе алмағандар құраса, 5% екпе салдырудан ата-аналары бас тартқан ауру балалар.
Апталық мониторинг нәтижелері бойынша 2019 жылдың 1 сәуірі мен 28 маусымы аралығындағы кезеңде облыс бойынша екпе қабылдауға жататын 12 273 адамның 10407-сі (85%) екпемен қамтылды. Облыста жүргізілген иммундау жұмыстарынан кейін қызылша аурушаңдығының деңгейі біршама төмендеді.
Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы жылдары біршама тұрақтанды. Есепті кезеңде өңірдегі туберкулез аурушаңдығының өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,3%-ға төмендегені байқалады. Барлығы 261 жағдайы орын алды, ал 2018 жылы 281 жағдай тіркелген болатын.
Департаменттің қызметтік бағыттарының бірі - өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу. Бұл мақсатта санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға барлығы 2068 өнім сатып алынған. Жүргізілген зертханалық сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 271 үлгісі келесі көрсеткіштер бойынша техникалық регламенттер талаптарына сай келмеген: микробиологиялық көрсеткіш бойынша-78, физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша-75, таңбалануы бойынша-118. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған сәйкессіздіктер бойынша 12 нысан жоспардан тыс тексерумен толық қамтылып, жауапты тұлғаларға 10 әкімшілік шара көрілді.
Ағымдағы жылдың 6 айында халықтардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық қызмет көрсету және фармацевтикалық саласы
бойынша 2667 рұқсат құжаттары берілді. Берілген 594 рұқсат құжат халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің, 2067 құжат медициналық қызмет саласы, 6 құжат фармацевтикалық саласының үлесінде болды. Есепті мерзімде жалпы 1022 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 26 937 962,5 тг, оның ішінде 1019 өндіріліп (26 470 837,5тг), өндіру пайызы 98,2 % құрап отыр.