Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары жүргізілуде
2019 жылы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып 123 елді мекен анықталған. Осыған байланысты облыстық бюджеттен көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін 214,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, 4 мердігер мекеме анықталды.
Барлық 123 елді мекендегі 488 070 мал басына (ірі қара 169 101, бас уақ мал 300 458, түйе17 699, шошқа 812) және көлемі 2 042 998 шаршы метрді құрайтын 32 512 қора мен аумағы 680 048 шаршы метр 1 192 суат пен шаңлаққа көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу бекітілген кестеге сәйкес 8 сәуір күні басталып, 12 маусым күні аяқталды.
облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын иммуноферменттік талдау нәтижесінде қосымша қолайсыз тағы да 10 елді мекен (Арал ауданында-3 елді мекен, Қармақшы ауданында-2 елді мекен, Жалағаш ауданында-1 елді мекен, Шиелі ауданында-4 елді мекен) анықталып, үнемделген 4,4 млн. теңге қаржы есебінен 19 794 мал басына (ірі қара 6 888, бас уақ мал 12 199, түйе 707) және көлемі 205 457 шаршы метрді құрайтын 1 405 қора, суат пен шаңлаққа да залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Залалсыздандыру жұмыстарына КРЕОЛИН Х ерітіндісі қолданылды.
Облыс бойынша залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі орташа – 96,8% құрады.