Бұл сәби денсаулығы үшін маңызды
Қыстыгүні аяғы ауыр әйелдердің көбінде сыртқы киімнің алдын ашып кетіп бара жатқанын немесе түймелерін тағу мүмкін болмағандықтан қолмен қысып ұстап жүретінін жиі көреміз. Бұл сәбиге қаншалықты залалсыз? Қыстыгүні құрсақтағы шаранаға суық тимей ме?
Қыста үйде отырып алмай, жиі таза ауада серуендеп тұру – аяғы ауыр әйелдер үшін аса пайдалы. Бұл кезеңде бастысы – қолайлы әрі жылы киім-кешек. Егер жүктілік қыс мезгілінде басталса, онда киім таңдауда жылу мен қауіпсіздікке үлкен мән берген жөн. Айта кетерлігі, қыс уақытында жүкті келіншектердің киімі барынша табиғи болғаны абзал. Жүннен, кашемир, ангор және вельвет маталарынан болғаны дұрыс, синтетикалық киімдерден аулақ болу керек.
Егер жүктіліктің соңғы кезеңі қыс уақытына келсе, онда гардеробты жаңартқан жөн. Жеңіл әрі кең пальто немесе бір-екі мөлшерге үлкен крутка таңдаңыз. Себебі жүктіліктің соңында сіздің дене пішіміңіз айтарлықтай өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Қысқа аяқты толығымен жауып тұратын ұзын куртка алу керек. Өйткені жүктіліктің бұл кезеңінде суық тигізіп алмау керек. Неғұрлым ұзын киім алу керек. Себебі іш өскен сайын, киім де қысқара бастайтыны мәлім. Сондай-ақ аяғы ауыр әйел қыстыгүні бас киім, шарф және қолғап киюге міндетті. Бір рет бас киімсіз далаға шығып келу сіз үшін үлкен қиындық туғызуы мүмкін.
Ж.САҒИДА