» "Иран билігінің әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды"

"Иран билігінің әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды"

  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болғанын мәлімдеді. "Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек", - деп жазған Мемлекет басшысы Twitter-де. Айта кетейік, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған.  Кейін Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындады. "Адамның қателігі салдарынан ұшақты байқаусызда құлатты", - делінген хабарламада. Мұны IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясы таратты. 
---
12 қаңтар 2020 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930