» ЕРІКТІ ЖАСТАР ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ВЕЛОТРЕНАЖЕР СЫЙҒА ТАРТТЫ

ЕРІКТІ ЖАСТАР ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ВЕЛОТРЕНАЖЕР СЫЙҒА ТАРТТЫ

       
Волонтер жылында  "ЖЖЖ" қоғамдық қоры тарапынан бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар қарқынды жүр­гізілуде.  Соның ішінде мүмкін­дігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға арналған іс-шаралар да тұрақты қолға алынуда.

Соның бір айғағы бүгін "ЖЖЖ" ерікті жастары аудан орталығындағы Шыңғыс Азнабаев жетекшілік ететін  "Шыңғыс" спорттық жаттығу орталығына велотренажер сыйға тартты. Өйткені, мұнда салауатты өмір салтын серік ететін  ерекше жандар көп  келіп жаттығады. Әрі бір ғана отбасын қуантқаннан гөрі, жалпыға ортақ барлығы бірдей  келіп шыныға алатындай мүмкіндікті жасады. Тарту таралғыны "ЖЖЖ" қоғамдық қорының аға буын өкілдері Қоғамбек Бейсенбиев, Қайрат Оралбеков, Еркінбек Айнақожаев, Арман Мажитов, Данияр Досантаев, Нұрхан Айдаров, Наурызбай Орынбасаров   бастаған белсенді жастар табыстады.
Айта кету керек, соңғы жылдары Жаңақорған ауданында армрестлинг спорты даму жолына түсті. Қазақстан Республикасының чемпионаттарында жүлде алып, Азия және Әлемдік бәсекелерде табысты өнер көрсете бастады. Мұндай жетістікте жастардың жігерін жанып, физикалық дайындығын пысықтап жүрген "ЖЖЖ" ерікті жастар мүшесі  Шыңғыс Азнабаевтың еңбегі ұшан-теңіз.
---
13 наурыз 2020 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031