Өңірлік кеңес өзін-өзі таратады
Осы жылдың 16 маусымында өткен отырыста Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі өзін-өзі тарататындығын мәлімдеді.
2019 жылдың қазан айында өткен «Атамекен» ҰКП-ның VI Съезінде Өңірлік кеңестің мүшелерін қалыптастыру мен сайлауға қатысты нормативтік құжат бекітілген болатын. Аталмыш құжатқа сай әр өңірдің бизнес-қаумдастығы Өңірлік кеңес мүшелерін дауыс беру арқылы сайлау мүмкіндігіне ие болды.
Бұл ретте, алғашқылардың бірі болып пилоттық режимде өткен жылдың қараша айында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері сайлау негізінде қалыптастырылған болатын.
Бүгінгі күнге дейін жұмыс жасаған Кәсіпкерлер палатасының қолданыстағы ¬Өңірлік кеңесінің мүшелері аймақтағы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы бастамасымен, Үкіметтік деңгейге дейін күрішшілердің мәселесін жеткізуімен, жеке балабақшалардың құқығын қорғаудағы принципшілдігімен, сондай-ақ Арыс тұрғындарына, елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін ұйымдастыру шаралары барысындағы, облыс тұрғындарына қайырымдылық жұмыстарындағы белсенділіктерімен ерекшеленеді.
Айта кету керек, Өңірлік кеңес Палатаның дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында 2013 жылы құрылған болатын. Өңірлік кеңес құрамына аймақтағы белсенді, белгілі, қоғамда орны бар, кәсіпкерлердің мүддесін қорғай алатын бизнес өкілдері енгізілді және осы жылдар аралығында мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізіліп отырды.
Өңірлік кеңес құрамында салалар бойынша 20 кәсіпорын өкілдері енгізілген болатын, олар: агроөнеркәсіптік кешен – 6, құрылыс индустриясында – 3, өнідіріс – 2, сауда – 5, білім, бизнес қауымдастықтар т.б.
Өңірлік кеңестің бастамасымен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерді және олардың бастамаларын қолдау мақсатында барлық 7 ауданда Аудандық кәсіпкерлер кеңестері құрылды. Аталмыш кеңес құрамына 7-10 кәсіпкерден енгізілген, төрағалары сайланған.
Өңірлік кеңес отырысы ай сайын өткізіліп тұрады. Жалпы, кеңес құрылған уақыттан бастап 96 отырыс өткізіліп, 200-ден астам мәселелер қаралды. Осының нәтижесінде кеңес шешімімен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығын, «бір терезе» қағидаты бойынша «Кәсіпкерлер үйін», «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығын, Өңірлік мемлекеттік-жеке әріптестік орталығын ұйымдастыру бағытында берілген ұсыныстар қолдау тапты. Сондай-ақ, аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы жүзеге асырылып, «Бизнестің жол картасы», «Еңбек» және өзге де мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне тұрақты түрде мониторинг жасалып келді.
Қолданыстағы Өңірлік кеңес мүшелерінің өкілеттілігі жаңа кеңес құрамы сайланғанға дейін жалғасады. Сайлаудың өткізілетін мерзімін қосымша хабарлаймыз.