» » Үндістан не себепті электроника қалдықтарына құмар?

Үндістан не себепті электроника қалдықтарына құмар?

Бүгінде Үндістан электроника қалдықтарының ресми емес қоқыс жәшігіне айналды. Ал Морадабад қаласында көптеген халық электроника қалдықтарын жинап күн көріп отыр. Бірақ бұл сауданың қауіпті жағы бар екенін олар ескеріп жатқан жоқ.Жергілікті халық электроника қалдықтарын теріп, тіпті өртенген қалдықтардың өзінен металл фрагменттерін жинайды. Әйелдер мен балалар да электроника қалдықтарын шашып, ішінен алтын, күміс, қалайы детальдарды сұрыптайды.Морадабадтағы жергілікті тұрғындар қауіпті материалды утилизациялау процесіне куә болады. Негізгі детальдар бөлініп, демонтаж жасалған соң қалдық өртеледі немесе ұсақталады, тіпті кейде химиялық қоспаларда ерітілуі мүмкін.
Морадабад қаласында 900 мың адам өмір сүреді. Бүгінгі таңда бұл қала электронды қалдықтарды өңдеудің орталығы ретінде танылған.
Бір айта кетерлігі, электроника қалдықтары экономикасы күннен күнге жанданып келеді. Оның бір себебі – дамыған мемлекеттерден экспортталатын тауарлардың құрамындағы материалдарда жатыр. Бұл ағынды тоқтатуға бола ма?
Үндістанның ғылым және қоршаған орта орталығының баяндамасына сенсек, 2008 жылғы дағдарыстан кейін қорғасын мен қалайы, жез өндірісі қатты соққы алған. Сұраныстың төмендеуі металл өңдеу тәжірибесіне халықты көптеп араластырып, электронды қалдықтар мен тауарларды қолмен өңдеуге әкелген.
Бір қызығы, Морадабадтағы тұрмыстық техника қалдықтарының 50%-нан астамында осы қоспалар кездеседі. Күніне келіп түсетін 9 мың тонна қалдық өндірісіне бүгінде мыңдаған жұмысшылар жұмылдырылған. Олар күніне 1 – 3 доллар көлемінде жалақы алады.
Электроника қалдықтарын өңдеу негізінен Рамганга өзенінің үстіндегі көпір маңындағы мұсылмандар ауданында орналасқан. Тауарлар ағынын бақылаушы ерлер электронды қалдықтар келгенде оларды қабылдап алады. Ал жергілікті халықтың айтуынша, полиция мен аталған топ арасында белгілі бір келісім жасалған. Яғни, бұл процеске бөтен ешкім бақылау жүргізе алмайды. Халықтың айтуынша, полиция электронды қалдықтарды сатушылардан ақша мен тауар алып отырған. Өз кезегінде бизнесін сақтап қалғысы келген топ ол шарттарға да келіскен.
Қорғасын мен қалайы, жез өндірісі электронды қалдықтарға қатысты жұмысты анағұрлым жеңілдеткен. Бұл металдарды өндіру үшін жоғары температура қажет етілетіні түсінікті. Сол арқылы жиналған металдар құймасы жасалған.
Телефон мен компьютерлердің бөлшектері өртенген соң металдар пластмассадан ажыратылады. Ерітілген қалдықтар тазартылып, сумен жуылады. Одан кейін арнайы пеште металдар құймасы жасалады.
Металдар ішінде ең көп өндірілетіні – мыс. Қалдықтардан жинап алынған бұл металл қайтадан өндіріске сатылады. Оның нарықтық бағасының тым жоғары болуынан алтын, платина секілді басқа да қымбат металдарды өндіру деңгейі төмен.
Электронды қалдықтардың мұндай индустриясы «құтқарылған капитализм» атауына сай келеді. Яғни, байлыққа аз капитал салынып, бақылау мен реттеу деңгейі де көп қажет етілмейді. Расымен де, бұл өндіріс Морадабадтағы жергілікті халықтың еңбегін пайдаланады. Көптеген отбасылар нашар жағдайда еңбек етуге мәжбүр. Мұндай заңсыз экономика капиталистік кәсіпорындар үшін тиімді болып отыр
13 шілде 2018 ж. 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031