» » «Монстрлар демалыста» мультхикаясы көш бастап тұр

«Монстрлар демалыста» мультхикаясы көш бастап тұр

12-15 шілде аралығындағы көрсеткіш бойынша «Монстарлар демалыста-3. Теңіз шақырады» мультхикаясы Ресей және ТМД елдеріндегі кинопрокаттың көшін бастап тұр.
Дженнди Тартаковскидің жаңа туындысы Ресей елінде бейсенбі күні бастау алған монстрлар жайлы комедиялық мультфильмнің үшінші франшизасының сатылымы 359,5 рубльді құрап отыр. Аталмыш фильм әйгілі граф Дракула мен Ван Хельсингтің қызы жайлы. Таспаның кейіпкерлері Адам Сэндлер, Селена Гомес, Стив Бушеми және т.б.
Көрсетілімнің екінші орынында Роусон Маршалл Тербердің экшн жанрындағы түсірген фильмі тұр. «Небоскреб» фильмі ресейлік киносатылымнан 167,2 млн рубль жинағанымен есте қалды. Бұл фильмде әлемнің ең биік ғимаратындағы апатты болдырмауға тырысқан отставкадағы ФБР агенті туралы айтылған. Картинадан Дуэйн Джонсон, Неве Кэмпбелл, Ноах Тейлор секілді актерлердің өнерін тамашалауға болады. Үшінші орынды өткен демалыстың көшбасшысы 120 млн рубль жинаған «Адам-құмырсқа және Ара» фильмі алды. Пейтон Ридтің бұл фильмі 5 шілдеде орыс тілінде шыққан. Марвел әлемінен алынған суретте басты кейіпкер Адам-құмырсқа болатын. Ал жаңа фильмде серіктес ретінде «Араны» алыпты. Фильмде Paul Rudd, Evangeline Lilly, Michelle Pfeiffer, Майкл Дуглас және т.б бар.


17 шілде 2018 ж. 3 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031