» » ТРАМПТЫҢ БІР ПІКІРІ БҮКІЛ БИРЖАНЫ БҮЛДІРДІ

ТРАМПТЫҢ БІР ПІКІРІ БҮКІЛ БИРЖАНЫ БҮЛДІРДІ

Саяси ойынның түп-төркінін түсіну оңай  емес. Әркім өзін сақтау  үшін әртүрлі айла –шарғыға баратыны сөзсіз. АҚШ Конгресінің алдында сөз сөйлеген Ақ үй басшысы алдағы уақытта, әсіресе сайлауалды кампаниясы кезінде Ресейден сақтану қажеттігін де алға  тартты.
Айта кететін бір жайт, үстіміздегі жылдың соңында АҚШ-та Сенат сайлауы өтетіні белгілі. Ресми Мәскеу осы сайлауға, одан кейін 2020 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға ерекше мән беріп отыр. Осыған орай Дональд Трамп ресейлік арнайы қызмет орындарынан сақ болуға шақырды.
Осы уақытқа дейін «Дональд Трамптың президент болуына ресейліктер жасырын араласты» деген дақпырт белең алып келгені белгілі. Алайда бұл күдік  расталған жоқ. Оны АҚШ тарапынан құрылған арнаулы комиссия дәлелдеп бере де алмады. Бірақ Американың бірқатар элиталық тобы мен Демократиялық партияның басым көпшілігі «Трамптың президенттігіне Ресей ықпал етті» деген пікірде қалып отыр.
Конгресс палатасының алдында сөз сөйлеген Дональд Трамп ресми Мәскеу Трамптың кандидатурасын келесі президенттік сайлауда мүлдем қолдамайтынын айтты.  Өйткені оның себебі бар. Трамптың сөзіне сенсек,  ол АҚШ тарихындағы Ресейге қатысты өте қатаң саясат ұстанған президент болып отыр.
–Ресейдің алдағы сайлауға араласатынына алаңдаймын, өйткені қалай болғанда да олар сырттан біздің сайлауға ықпал етуге тырысады. Менің Ресейге қатысты қатаң саясат ұстанып отырғанымды ескере отырып, олар енді демократтарға ықпал етуге  және оларды қолдауға тырысады. Ресми Мәскеу енді Трамптың президент болғанын қаламайды, –деп жазды ол кейіннен өзінің  Twitter парақшасында.
Жалпы Трамптың сөзінің түп-төркінін түсіну қиын. Бұл жерде ол не айтқысы келді?  «Сасқан үйрек артымен сүңгидінің» кері ме? Жоқ әлде, саяси элита мен халықты састырып, әдейі адастыру  ма? Шынымен ресейліктердің сайлауға ықпал ету мүмкіндігінің өте жоғары екендігін шамалап болса да мойындап отырғаны ма ? Мұның барлығын меніңше, саясаттағы ауа райын бақылау үшін  және кейбір жайттарға әсер ету үшін Ақ үй басшысы әдейі айтады. Бірақ қалай айтқанда да, Дональд Трамп келесі президенттік сайлаудың өте тартысты өтетінін меңзеп отыр. Оның сөзіне сенсек, енді Мәскеу демократтарды әуре-сарсаңға салады және астыртын ықпал ету үшін күреседі.
Айта кететін бір жайт, АҚШ-та алдағы президенттік сайлау 2020 жылы өтетіні белгілі. Алдын ала жеткен кейбір болжамдарға қарағанда, оған Барак Обаманың зайыбы Мишель Обама қатысады деген пікір бар.
Р.S. Бірақ мойындайтын бір нәрсе бар. Дональд Трамптың Твиттерде жазған осы бір пікірі Ресей рублінің күрт құлдырауына әкеп соқты.
Кеше кешкісін сағат 19.10-да Мәскеу биржасында 1 доллар – 62 рубльді көрсетіп тұрғаны белгілі. Әлемдік ақпарат құралдары 19.50 –де Трамптың пікірін мұқым дүниеге таратқаннан кейін Ресей рублі күрт құлдырап, 63,5 деңгейін көрсетті. Бір пікір  бүкіл биржаны бүлдірді деген осы.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
25 шілде 2018 ж. 743 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031