Трамптың кесірінен Coca-Cola қымбаттайды
Америкалық лидер алюминийге баж салығын көбейткендіктен, енді шырындарға арналған бөтелкелер қымбаттайды. Бұл туралы компанияның бас дирекоры Джеймс Квинси айтты.
Квинси мұндай тәжірибенің Coca-Cola үшін «ерекше жағдай» екенін атап өтті.
«Бірақ болат пен алюминий бағасы өсіп келеді. Сол себепті еңбек те жоғары бағаланатын болады», - дейді бас директор.
Квинси сусынның бағасы қашан және қаншаға өсетінін айтпады. Сондай-ақ, ол бұл шешімнің шетелдік нарыққа қаншалықты әсер ететінін де нақтыламады.
Естеріңізге сала кетсек, наурыз айының соңында АҚШ болат пен алюминийге баж салығын 25% және 10% көлемінде арттырды. Канада, Мексика және ЕС мемлекеттері үшін салық 1 маусымға дейін тоқтатылды.