» » Алтын арзандайды

Алтын арзандайды

 Бағалы металл осы жылдың басынан бері өсімін азайтып, небәрі 1% қымбаттады. Оның құны троя унциясы үшін $1323 құрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS порталына сілтеме жасай отырып.
Осылайша, 2 наурызда бұл металдың баға кесімі күндіз 1318 доллар деңгейінде бастаса, сауда-саттық барысында троя унциясы үшін бағасы 1326 долларға жетті. Алайда, осы деңгейді ұстап тұруға шамасы жетпеді.
Sberbank Investment Research талдаушысы Михаил Шейбе бұл активке арналған баға қарқынын түсіндіріп берді.
«Соңғы күндері алтынның баға кесімі АҚШ президенті Дональд Трамптың импорттық баж салығын енгізу туралы мәлімдемесінен кейін күрт өсті. 1 наурыздың бірінші жартысында металл бағасы едәуір төмендеп, доллар тарапынан жасалған қысыммен $1303 деңгейіне төмендейтіндей дәрежеде бір унция үшін шамамен $15 деңгейіне дейін құлдырады. Алайда, Федералдық резервтік жүйе басшысы Джером Пауэлл бейсенбі күні реттеуіш мөлшерлемені біртіндеп арттыра беретінін және бұл жалақы өсімі үдерісінің оңтайлы әсер ететінін атап өткен кезде америкалық валютаның нығаю қарқыны үдей түсті. Бұл мәлімдеме мөлшерлеме төрт рет жоғарылайтынына инвесторлардың сенімін бекіте түсті. Бұған дейін мұндай жоғарылау тек үш рет болады деп күтілген еді», - деді Шейбе.
Кейінірек Трамп болат (25%) пен алюминий (10%) импортына жоғары баж салығын енгізу ықтималдылығы туралы мәлімдемесінен нарықты қайта әбігерге түсіргенін Шейбе де атап өтті.
«Бұл жөніндегі жарлыққа келесі аптада қол қойылуы мүмкін. Доллар үшін елеулі жағымсыз фактор ретінде орын алды. Өз кезегінде, 2 наурыз күні алтын бағасы бір унция үшін 1320 долларға дейін қымбаттады. Металл бағасының өсуі де АҚШ-тағы инфляция үдеуінің ықтималдылығын арттырып отыр. Алайда, бұл жеделдік сипаты ФРЖ болжамдарына сәйкес бола бермейді. Жалпы, Трамп мәлімдемесінен кейін орын алған шу бәсеңдеп, доллар мен алтынның нақты бағытын көру мүмкін емес күйде қала береді деп ойлаймыз. Осылайша, актив бағасы бір унция үшін 1315 доллар күйінде қала береді», - деп мәлімдеді ол.

03 наурыз 2018 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031