» » Австралия астанасын кенгурулар «басып алды»

Австралия астанасын кенгурулар «басып алды»

Австралияның астанасы Канберра қаласында кенгурулардың жаппай шоғырлануы байқалып отыр.  Азықтың тапшылығы салдарынан жануарлар өздерінің қалыпты тіршілік ортасын қалдырып кетуге мәжбүр болған. Олар үйдің артқы ауласындағы шалғын шөпке, спорт алаңдары мен көк қалың өскен жол бойына қызығып, осы аумақтарда кеңінен жайылып жүр.
Парктер және қоршаған ортаны қорғау қызметінің директоры Даниэль Иглесиас қала тұрғындарына ымырт пен ерте таң уақытында абайлап жүру керектігі жөнінде ескертті. Дәл осы уақытта кенгурулар азық іздейтін болғандықтан, жануарлардың көлік астына түсу қаупі де жоғары.
Жалпы, кенгурулар әлеуметтік жануарлар болып табылатындықтан, әдетте, олар топтасып жүреді. Иглесиас кенгурулардың жақын тобы қайда орналасқанын біліп, оларды тамақтандыруға тырыспай, жануарлардан алшақ жүруге шақырды.

31 шілде 2018 ж. 960 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31