» » Зимбабведе жаңа президент сайланды

Зимбабведе жаңа президент сайланды

Зимбабве президент сайлауында Эммерсон Мнангагва жеңіске жетті, деп хабарлайды ВВС. Зимбабвені 20 жыл басқарған Роберт Мугабе отставкаға кеткеннен кейін елде алғаш рет парламент және президент сайлаулары өткізілді. 10 провинциядағы дауыстарды санап шыққан соң, орталық сайлау комиссиясы Эммерсон Мнангагваның президент сайлауында ең көп дауыс жинағанын мәлім етті. Мнангагва сайлауда 50,8% дауыс жинаған, ал оның басты қарсыласы Нельсон Чамизді сайлаушылардың 44,3%-ы жақтаған. «Зимбабве африкалық ұлттық одағы» партиясының басшысы Эммерсон Мнангагваны қолдағандардың саны 2,46 миллионға жеткен. Өз кезегінде, оппозиция өкілдері сайлау нәтижелерінің ақылға қонымсыз екенін айтып, байбалам салып отыр. Мнангагва сайлаушылардың жартысынан астамының даусын жинағандықтан, сайлаудың екінші турын өткізуге қажеттілік қалмады.

03 тамыз 2018 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031