» » Қытайда неке құжаттарын рәсімдеу 10 минуттан 0,3 секундқа қысқарды

Қытайда неке құжаттарын рәсімдеу 10 минуттан 0,3 секундқа қысқарды


Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Чунцин қаласында некеге рәсімін жеңілдету үшін бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды. Аталған қаладағы неке орталығы мамандарының айтуынша, бет-әлпетті тану жүйесі қаңтарда іске қосылған. Қытай заңына сәйкес, неке туралы куәлік берілердің алдында тіркеушілер жұптардың жеке куәліктерін және тіркелу туралы құжаттарын тексеруге міндетті.  Жаңа технология уақытты үнемдеумен қатар, дәлдік деңгейін де өте жоғары орындайды. Адамның бет-әлпетін жылдам суретке түсіретін жүйе, оның басқа құжаттарындағы және қоғамдық қауіпсіздік базасындағы суреттерімен салыстырады. Енгізілген заманауи жүйенің  нәтижесінде бұрын 10 минутқа созылған тексеру рәсімі, 0,3 секундың ішінде аяқталады екен.  Бұл сонымен қатар пластикалық операция жасаған адамдарды немесе егіздерді де жылдам ажырата алады. Бұрын осыған ұқсас жүйелер, аталған топтарды тексергенде қиналып қалатын және олар саусақ таңбалары арқылы тексеріліп келген.

08 қаңтар 2018 ж. 1 009 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031