МОЛДАНАЗАРДЫҢ ЕРЕКШЕ БЕЙНЕБАЯНЫН КӨРЕРМЕН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
Өзіндік ән айту стилімен ерекшеленетін Молданазар кезекті бейнебаянын көпшілікке ұсынды. «Сенің жаныңда» деп аталатын әнге түсірілген бұл туынды әлеуметтік желіге жүктелгенінен көп болмаса да 100 мыңнан аса қаралым жинап үлгерген.Бейнебаян желісі бойынша, «Модерн Толқын» деген аталатын топта жұлдызы жанған кейіпкер, үлкен танымалдылыққа ие болады. Кейін өзіне қайырылмай кеткен ғашығының тойында ән айтады. Дәл қазіргі сәтте, жаңа туындыдағы әншінің образы қызу талқылануда. Ал, сіздің, бұл бейнебаян жайлы пікіріңіз қандай?