» » ХҚО-да қарттарға құрмет көрсетілді

ХҚО-да қарттарға құрмет көрсетілді

  Қарияларды құрметтеу, сөзіне құлақ  асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда, облысымыздағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет алуға келген қарттарға мереке қарсаңында құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.
Игі шара жалпы адамзатты қарт кісілерге көңіл бөлуге, ізет білдіруге шақырады.
ХҚО-ға қызмет алуға келген қарттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары Айнұр Шорабекқызы мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Сіздер құрметті демалыста болсаңыздар да, біздің қоғамның көшбасшысы болып қала бересіздер. Жастарға патриоттық тәрбие беруде, қаламызды дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сіздердің өмірге деген белсенді ұстанымдарыңыз – өскелең ұрпақ үшін таптырмас үлгі, – деді филиал директорының орынбасары.
Қызмет алуға келген қазыналы қарттарымыз өз жұмыстарын жылдам бітіріп, халықтың құрметіне бөленіп ХҚО-дан көңілді шықты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі
02 қазан 2020 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031