Экология департаментіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды
Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы қаралды. Аталған тақырыптағы мәселе Кеңес отырысында жыл басынан бері алғаш рет талқыланды.
Сыртқы талдауды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізген. Сыртқы талдаумен Қызылорда облысы бойынша экология департаменті қызметінің 2018 және 2019 жылғы кезеңі қамтылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғатын бірқатар мән-жайлар анықталған.
Департамент өз қызметі барысында басшылыққа алатын «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі»мен «ҚР Экологиялық кодексі» арасында қарама-қайшылықтар белгілі болған.Бірыңғай практиканың болмауы және аталған заңнама нормаларын дұрыс қолданбау кәсіпкерлердің құқықтарына қысым жасауға және олардың қызметін дамытуда кедергілерге әкеп соғатыны жөнінде жоғары тұрған уәкілетті органға ұсыныс жолданған.
Талдау барысында, экология департаменті қызметінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 324, 334, 336 және 344 баптарында санкциялардың баламалы түрлерін қолдану, яғни «Ескерту немесе Айыппұл» салу құқығы берілгендігі және нормаларды әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың өз қалауы бойынша пайдалану мүмкіндігі, яғни сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол ашу қаупі бар екендігі анықталған.
Айта кету керек, департамент қызметкерлері мен кәсіпкерлік субъектілері арасында тікелей байланысты болдырмау мақсатындаІ санаттағы объектілері бар субъектілер есептерін қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы тапсыру жүзеге асырылуда.
Кеңес отырысы қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша экология департаментіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобынаҮЕҰ өкілдерін қатыстыру, департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындаБАҚ-да, әлеуметтік желілерде заң нормаларына енгізілген өзгерістер мен атқарылған жұмыстарды кеңінен насихаттау шараларын жүргізу ұсынылды.