Елімізде 2 миллионға жуық адам онлайн режимде жұмыс істеуі мүмкін
2 миллионға жуық адам қашықтан жұмыс істеу режиміне қайта көшуі мүмкін
Еңбек ресурсын дамыту орталығы коронавирустың екінші толқыны нарыққа қалай әсер етерін болжады.Өткен кезеңде карантиндік шектеулер жұмыссыздықтан гөрі, сол жұмыс уақытының қысқаруына әкелген. Алда-жалда коронавирустың екінші толқыны бола қалса, 167 мың қазақстандық табысынан айырылуы ықтимал.
Ал екі миллиондай азамат қайта қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуі мүмкін. Еңбек ресурсын дамыту орталығының мамандары осындай жорамал жасапты. Кейбірі ақшасы төленбейтін еңбек демалысына жіберілуі ықтимал. Ал 4 миллиондай жерлесіміз қалыпты жағдайда жұмыс істей береді. Бұлар кімдер? Бұлар тәртіп сақшылары, төтенше жағдай мамандары, әскерилер, өндіріс орындарының қызметкерлері және әрине медицина саласының өкілдері. Орталықтың мамандары ауыл шаруашылығында жүрген адамдар да жұмыстан қысқартылып, яки табыссыз қалмайды деп отыр.