Пробация есебіндегі 21 қызылордалық жеке кәсібін ашқан
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп отырады. Әлеуметтік-құқықтық көмектің бірі – есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыр. 2020 жылдың 9 айында пробация есебіндегі 406 азамат жұмысқа орналастырылса, 21 азамат жеке кәсібін ашқан.
Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Осындай жас кәсіпкерлердің қатарында пробация есебінде тұратын азаматтар да бар. Ол азаматтардың жеке кәсібін ашуға мемлекеттік грант септігін тигізген.
«Пробация есебіндегі 21 азамат «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, сертификат алып, кәсіп ашуды қолға алған. Жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында осы азаматтар қайтарымсыз грант ұтып алды. Осылайша олар қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізіп, қазіргі уақытта бірі компьютер жөндейтін орталық ашса, енді бірі мал шаруашылығымен,тауық өсіру шаруашылығы, бетон өңдеу цехы, ағаш цехы, шаштараз сынды жеке кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Кәсібін енді бастаған азаматтарға қайтарымсыз гранттың көмегі көп», – дейді ҚАЖ департаментінің мамандары.