Пробация барысы

Жұмысшы топ пробация есебіндегі 14-28 жас аралығындағы жастардың хал-ахуалын зерделеу мақсатында адрестік жұмыстарды бастады. Мәліметке сүйенсек, бүгінде облыс бойынша пробация есебінде тұрған 345 жас бар, оның 128-і қалада тұрады. Қазір осы аймақтарға бөлініс жасалып, әлеуметтік карта әзірлеу және жеке деректерді өңдеу жұмыстарына күш салынуда.
Алдағы уақытта бұл жастарды қоғамдық өмірге белсенді араластыру жоспарланған. Кәсіп игеріп, нәсіп тауып, өмірде өз орнын қалыптастыруына да жағдай жасалады. Бұған дейін де жастар визажистер курсы секілді түрлі шеберлік сабақтарында шыңдалды. Бейресми кездесулерде пікірі тыңдалып, әлеуметтік зерделеуге мүмкіндік кеңейді.
Енді осы тәжірибелерді ескеру арқылы жаңа методика көмегімен жаңаша бағыттағы жұмыстар қарқын алады. Аудандарда да бастама жалғасады.