» » ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

Derek pen dáıek

Өткен аптада Парламент Мәсжілісінде Экологиялық кодекс жобасы қаралды. Жаңа кодекс табиғатты қорғаумен қатар, аймақтардың экологиялық ахуалын жақсартуды көздейді. Айта кетейік, құжаттағы маңызды шешімдердің бірі – «ластаушы төлейді» принципі.

Енді экологиялық төлемдердің қайда жұмсалатынын мәлімдеген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өндіріске ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялық ахуал жақсаратынын атап өтті.
«Мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін барлық жағдайды жасау тиіс. Бұдан басқа, экологиялық залал болған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқыда болған қалпына келтіруге міндетті.
Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты 50 ірі кәсіпорынды ең озық қолжетімді технологияларға ауыстыру жоспарланған. Осы 50 кәсіпорынға жалпы ластанудың 80%-ы тиесілі», – деді Мағзұм Мырзағалиев жиын барысында.
Кодекс жобасында бірінші санаттағы ірі кәсіпорындарға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ОВОС) жүргізу туралы талап қарастырылуда. Олардың тізбесі қайта қаралады және негізінен экологиялық қауіпті объектілерге баса назар аударылады.
«Сонымен қатар қоғам өкілдері қоршаған ортаға әсерді бағалаудың барлық кезеңдеріне қатысады. Міндетті түрде бірінші санаттағы объектілердің қоршаған ортаға әсері бағаланады. Ал екінші санаттағы объектілер скринингтен өтеді. Яғни, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажет немесе қажет емес екендігі анықталады. Үшінші санаттағы объектілер бойынша декларация қабылданады», – деді министр.
Бүгінде қолданыстағы заңнама бойынша табиғатты қорғау іс-шараларына эмиссия үшін түскен төлемдерді мақсатты жұмсау мәселесі де кодексте қайта қарастырылды. Соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдар келіп түсетін қаражаттың тек 45% пайызын ғана қоршаған ортаны қорғауға бөліп келген.
«Осыған байланысты, заң жобасында жергілікті атқарушы органдар түсетін экологиялық төлемдердің есебінен 100% пайыз көлемінде табиғатты қорғау іс-шараларына қаржы бөлуге міндетті екені көрсетілген», – деді министр.
Айта кетейік, Кодексте өндіріс және тұтыну қалдықтары мәселелерін шешу мақсатында қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы терминология мен ережелер халықаралық талаптарға сәйкес келтірілген. Сондай-ақ жобада қалдықтармен кезең-кезеңімен жұмыс істеуге бағытталған иерархия қарастырылған. Заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі де қозғалды.Енді жаңа заң жобасы екінші оқылымға дейін жетілдіріледі.

06 қараша 2020 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031