» » Қызылорда: Қаржы пирамидасының қақпанына түскендер үшін

Қызылорда: Қаржы пирамидасының қақпанына түскендер үшін

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қаржылық пирамида құрып, оның қызметіне басшылық жасап, жүргізу дерегіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Полицейлер «WhatsAрр» мессенждері арқылы ашылған «Вefree» жобасына ақшаларын аударып, салымшы ретінде тіркелгендер арасында бүгінгі күнге дейін тергеу органына келмеген, арызданбаған азаматтар болуы мүмкін екендігін айтып отыр.
Алданған азаматтар өз құқықтарын пайдаланып, кінәлі адамдардың қылмыстық жауапкершіліктері шешілуі үшін тез арада тергеу органына хабарласуы қажет.
Арыз-шағымды облыстық полиция департаментіне қарасты қала және аудандық бөліністерге барып, беруге болады.
22 қараша 2020 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031