» » Қазақстанда бай адамдардың саны екі есе артады – болжам

Қазақстанда бай адамдардың саны екі есе артады – болжам


2025 жылға дейін Қазақстандағы миллионерлер мен миллиардерлер саны 12 мыңға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстандағы luxury-туризмді дамыту тақырыбына арналған B2b Luxury&MICE workshop шарасында TMI Consultancy директоры Хелен Ллойд айтты.
Сарапшылардың мәліметінше, Орталық Азияда миллионерлер мен миллиардерлердің саны бойынша рейтингте Қазақстан көш бастап тұр.
«2005 жылы ауқатты қазақстандықтардың саны 6 мыңнан көп емес болса, 2015 жылы олардың саны шамамен 7 мыңға жеткен. 2025 жылға қарай еліміздегі миллионерлер мен миллиардерлердің саны 12 мыңнан асып жығылатын болады», – деп мәлімдеді ол.
Бұл сандар әзірге нарықтың 3%-ын ғана алатын еліміздегі luxury-туризмнің дамуы бойынша жақсы болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Ауқатты қазақстандықтар жұбымен немесе отбасымен демалуды жөн санайды екен. Олар көбінесе ең танымал қонақүйлерді таңдап, жеке ұшақ, люксті көліктерімен жүреді.
Ллойдтың айтуынша, 2017 жылдың жаз айларында бай-ауқатты қазақстандықтардың көбі Түркия, Грузия, Шри-Ланка, БАӘ, Мальдив аралдары мен Мысырға барған.
Global Air – American Express-тің бас директоры Гүлден Оспанованың айтуынша, орташа есеппен бай қазақстандықтар бір апталық демалыс үшін адам басына 10 мың АҚШ долларын жұмсайды. Дегенмен бай-ауқаттыларды да дағдарыс айналып өтпеген. Оның ойынша, визалық талаптар күшейтілмеген жағдайда қазақстандықтар демалу үшін бұрынғыдай БАӘ, Түркия және Еуропа мемлекеттеріне бара бермек.
14 ақпан 2018 ж. 1 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031